Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Махаббат симфониясы)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Махаббат симфониясы) казакша Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Махаббат симфониясы) на казахском языке

Болашаққа бастап еді бір ізгі,
Сезімдерім – сыбызғы...
Сыбызғыдан мөлдірейтін үміттер,
Үмітімді кім үзді?

Саған еді сол әуендер арналған,
Ноталары жаратылған арманнан.
Ол ноталар жүрегімде бүр жарып,
Кірпігіме жалғанған.

Сен естісең, көкіректен ол күйді,
Жаның сенің өзді-өзінен шалқиды.
Қазір ол күй отты, суық дірілмен,
Бар бойымды шарпиды.

Дутар-жанның жұқарған ба тиегі,
Бүгін ол күй көңіліме тиеді.
Сені қанша жырлағанмен, айтшы кім,
Дәл өзімдей сүйеді?!

Ұмытам деп талай-талай серттестім,
Тәңір жаққан өшіре алмас өртті ешкім!
Сол баяғы сахнасы жоқ кеудемде,
Сезімдерден күй ойнайды оркестр!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, акберен елгезек Махаббат симфониясы стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском, акберен елгезек Махаббат симфониясы стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском, Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Махаббат симфониясы), Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Махаббат симфониясы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com