Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Ана сыры) » ZHARAR © 2016 | мәриям хакімжанова Ана сыры өлең стих Ана сыры мариям хакимжанова олен, мәриям хакімжанова өлеңдері, мариям хакимжанова стихи, мәриям хакімжанова олен мариям хакимжанова стих




  • »

Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Ана сыры)

Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Ана сыры) казакша Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Ана сыры) на казахском языке

(Дина Нұрпейісоваға арнаймын)

Дүние ұзақ сапар, бір кең сарай,
Адамзат алуан-алуан келген талай.
Біреулер сайрандаса тамашалап,
Біреулер азап шегіп өткен жылай.
Өмірдің талай асқар биігінен,
Кім өткен не сүрініп, не құламай.
Жүрегін оққа ұстап ер шабады,
Күн туса, ел басына екі талай.
"Айда аяқ, жылда жілік жоқ, шырағым,"
Деп бастады кәрі ана сөзді осылай.
Жанарсыз жасаураған көздің нұры,
Тереңнен тербегендей сөздің түрі.
Жүректің кілтін ашып жібергендей,
Аузынан шықты атылып өмір сыры.
Нұрланды, ажарланды әжім беті,
Біткендей дүниеден барлық мұңы.
Қарт ана қайта жасап нұрланғандай,
Кайтадан шешек атып жастық гүлі.
Шарықтап қуанғаннан кетті қиял,
Шертіліп жүрегімнің нәзік қылы.
Карт ана күлім қакты шаттанғандай,
Алдында ақын қызы баптанғаңдай.
Өмірден көргендерін күймен шертті,
Сақталған ой казынасын ақтарғаңдай.
Күй толқып тасқындады екі шектен,
Күй сыры ой төріне сақталғандай.
Қосылып кейде ана саңқылдайды,
Қарт көмей ақ күміспен қақталғандай.
"Жаңа өмір" күйдің аты деп шертеді,
Алдында ұл-қызының мақтанғандай.
Серпіліп кенет ана кетті шалқып,
Он саусақ жорғалайды шекте калқып.
Шегінен домбыраның сорғалаған,
Отырды үйдің іші күйге балқып.
Нәзік үн жүрегімді аралады,
Кейде ащы, кейде қоңыр баяулатып.
Тереңнен тербетілген теңдік күйін,
Күйші ана теңселеді шалқи тартып.
Кейде күй мыңқылдайды бас пернеде,
Булығып өксігендей әлденеге.
Күңіреніп кейде сарнап жөнеледі,
Саусағы шекті кабат сермегенде.
Кейде күй безілдейді "беу-беу" кағып,
Басқанда сағадағы төрт пернені.
Шаттанып сыңқылдаса кейде аққудай,
Кейде тасып ағындап төгіледі.
Өткен өмірін ананың күй баяндап,
Аяғандай зарланып еңіреді.
Казақ қызының азабы бір кездегі.
Күй сазынан елестеп көрінеді,
Кейде ана көздің жасын алады іркіп,
Кайран жастық өттің дейді жасын сүртіп.
Кимешектің етегін серпіп тастап,
Қомданғаңдай канатын қыран бүркіт.
Катпарланған кабағын кағып тастап,
Касын керіп күлімдеп, кейде мүлгіп.
Кайран жастық өттің деп өкінеді,
Тулағаңдай жүрегі бұлқып-бұлқып.
Күйші ана күңірентіп күйін тартты,
Тояр ма тыңдап құлақ күйді тәтті.
Осы күй тербеткендей тындаушыны,
Тым-тырыс отырғандар маужырапты.
Сұлу күй сорғалаған сылаң кағып,
Тал бойын талайлардың балбыратты,
"Шіркін-ай, күй-ақ екен" деп қозғалып,
Таңырқап талай адам таңдай қақты,
- Сендерге сақтағаным тағы да бар,
Деп ана тартқан сайын карқындатты.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 335
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

. .