Қазақша өлең: Денсаулық » ZHARAR © 2016 | денсаулық туралы өлең, денсаулық туралы өлең шумақтары, стихи на казахском языке про здоровье, денсаулық өлең, денсаулық туралы өлең жолдары, денсаулық туралы өлең-тақпақтар




  • »

Қазақша өлең: Денсаулық

Қазақша өлең: Денсаулық казакша Қазақша өлең: Денсаулық на казахском языке

Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Қара айнаға, көресің
Өзіңді – адам денесін.
Қол - аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар-
Құрылысың бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе, миың, бүйрегің-
Құрылысың бұл ішкі.

Сымбат - мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 17 002
Рейтинг:
(голосов: 33)

.

. .