Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Тіл маманы) » ZHARAR © 2016 | тіл туралы өлең авторымен, тіл туралы өлең шумақтары, естеу нүсіпбеков Тіл маманы өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков




  • »

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Тіл маманы)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Тіл маманы) казакша Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Тіл маманы) на казахском языке

Тіл маманы бірі едім торығулы,
Түйтіңдеген үмітсіз, зорығулы.
Ашылды өріс, алдымнан кеңістіктер,
Доғарайын қысылып қорынуды.

Көтерейін еңсемді төмендетпей,
Көк дөненім терін ап, көбеңдетпей.
«Өнер алды — қызыл тіл» деп кесеткен,
Ата сөзі арнасын бөгендетпей.

Түрінейін балтырды жарысуға,
Сыбанайын білекті алысуға.
Арбамды да нарымды дайындайын,
Тіл көшінің жүктерін салысуға.

Тілдің туын ұстайын біиктетіп,
Жырын жырлап, әнін сап сүйікті етіп.
Оқ қағар боп қорғайын қауіп төнсе,
От шарпыса өтінде күйіп кетіп.

Қорынайын несіне қорғанайын?!
Туған заман бұл нағыз оңнан айым.
Тілім — ұлтым қорғаны,
Тілім үшін
Ақыл, қайрат тең тұтып толғанайын.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 287
Рейтинг:
(голосов: 9)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .