» » » Өлең: Жұмағали Саин (Бақыт)

Өлең: Жұмағали Саин (Бақыт)

Өлең: Жұмағали Саин (Бақыт) казакша Өлең: Жұмағали Саин (Бақыт) на казахском языке
Өткір ойлы қара көз,
Өжет, ұтқыр, бал мінез.
Бақытым менің інішегім,
Жүгіре басып келді тез.
Күні күміс көгінде,
Нұры балқып төгіле,
Шыжып ыстық қайнаған,
Уақыт еді, түскі кез.
Келеді күліп ойын сап,
Жетегінде «арғымақ»
Кейде тоқтап атына,
Күбірлейді сөйлеп сөз.
Күбірлейді, күледі,
Күледі де жүреді.
Жетегінде жүгенді,
Жүйрігі желі арғымақ.
Ереді оның артынан,
Шоқтығы биік бөкен сан,
Құлындай сұлу құр мүше —
Доңғалақпен доңғалап.
Қасына ерген қарт ана,
Ойнаса бала шаттана,
О да күліп ұмтылады,
Ұстаймын деп қутыңдап.
Ұстатпайды жас бақыт,
Ананы алдап шаршатып,—
Қолға түскен болат та,
Шығып кетеді бұлтылдап.
Кейде мініп атына,
Қарап қояды артына.
Тебінеді, тежейді,
Тоқтатады құр-құрлап.
...Келді, келді, кім келді?!
Бақыт келді, күн келді,
Жол-жөнекей күлдіріп,
Көше бойы ойын сап.
Анасы мен жас бақыт,
Қатарласып қолдасып,
Кірді үйдің ішіне,
Думан болған жыр жырлап.
Үйдің іші көп бала,
Ойын ойнап топтана,
Ән салады, шырқайды,
Дауыстары сыңғырлап.
Қатар тұрып тізіледі,
Санап шығады біріндеп.
Команды берсе басшысы,
Бір кісідей қимылдап.
Әнекей қызыл бұрышы!
Масаты қызыл бүлісі,
Шағылысып күнменен,
Көз тартады жылтылдап,
Маржандай тізіп өрнектеп,
Әдемілеп көрнектеп,
Бұрышты қалай жайнатқан,
Суреттен мәнер сап.
Бақыт пенен Балдыраш,
Өте қойып ықылас —
Көрді келіп бұрыштан,
Суретті аралап.
Көтеріп қолын шошайтып,
Күбірлеп ернін томпайтып,
Бақыт неге ойланды?
Болды ма әлде санамақ.
Бұйра шашты, кең маңдай,
Дөңгелек жүз — кішкентай,-
Суретті көрмекке
Бақыт барды сығалап.
Келбетіне сұқтанып,
Тапқанына мақтанып,
Міне деді: Ленин,
Екі санын сабалап.
Жүгірісіп көп бала,
Қосылып топтана,
Бұрышта тұрған Бақытты
Алды бәрі қамалап.
Бақыт айтты: мен болам,
Лениндей бір ұлан
— Мен де болам, мен болам,
— Мен де туған, мен сонан,
«Бақыт, Бақыт» деді де —
Балалар кетті жыр жырлап.

nurgul95 | 58 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
Өлең: Жұмағали Саин (Құлыншақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Құлыншақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Сүйемін қызыл гүлді)
Өлең: Жұмағали Саин (Сүйемін қызыл гүлді)
Өлең: Жұмағали Саин (Есіл)
Өлең: Жұмағали Саин (Есіл)
Өлең: Жұмағали Саин (Туғанмын бақыт нұрында)
Өлең: Жұмағали Саин (Туғанмын бақыт нұрында)
Өлең: Жұмағали Саин (Ұмытпаймын)
Өлең: Жұмағали Саин (Ұмытпаймын)
Өлең: Жұмағали Саин (Мөлдір бұлақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Мөлдір бұлақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Алло-алло)
Өлең: Жұмағали Саин (Алло-алло)
Өлең: Жұмағали Саин (Май сипаттары)
Өлең: Жұмағали Саин (Май сипаттары)
Өлең: Жұмағали Саин (Толқын)
Өлең: Жұмағали Саин (Толқын)
Өлең: Жұмағали Саин (Мәз емес)
Өлең: Жұмағали Саин (Мәз емес)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жыл маусымдары)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жыл маусымдары)
Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Бақыт деген немене...)
Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Бақыт деген немене...)
Өлең: Жұмабай Арман (Бақыт деген)
Өлең: Жұмабай Арман (Бақыт деген)
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Әнім сен едің)
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Әнім сен едің)
Қазақша мақал - мәтел: Бақыт, Бақ
Қазақша мақал - мәтел: Бақыт, Бақ
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бақыт деген)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бақыт деген)

KZ / Өлеңдер жинағы, жұмағали саин сайын Бақыт өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Бақыт, жұмағали саин сайын Бақыт өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы жумагали саин стихи на казахском языке жумагали саин олендери шыгармашылыгы Бақыт, Өлең: Жұмағали Саин (Бақыт) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке