Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Жоқтау) » ZHARAR © 2016 | мәшһүр жүсіп көпеев Жоқтау өлеңі машхур жусуп копеев казакша, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке, Жоқтау




  • »

Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Жоқтау)

Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Жоқтау) казакша Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Жоқтау) на казахском языке

Бұрынғы жоқтау үлгісі.
Алты атасы бай өткен,
Алты атанға жүк артқан.
Жеті атасы бай өткен,
Жеті атанға жүк артқан.
Ұяда сұңқар түлеткен,
Қияда сұңқар түлеткен.
Алтайы қызыл түлкі артқан,
Қиядан барып тіке атқан.
Баршаны бөздей жырттырған,
Жібекті жүндей түттірген.
Қонақ қонса: «Қон!» - деген,
«Қой семізін сой!» - деген.
Тойға қазан астырған,
Жақсылыққа көзін жеткізген,
Шылаушын (сыйлау шын) салып, ат мінген,
Шыңыраудан алып, су ішкен,
Шынжырлы қауға тақтырған.
Қайыңнан астау шаптырған,
Қаптатып жылқы жаптырған.
Айдарлыға айдатқан,
Тұлымдыға байлатқан.
Қалмақтан жылқы қудырған,
Құлынын жолда тудырған.
Жамбасынан отырған,
Санама жұлдыз батырған!
Бес тақа баршадан тон қылған,
Жеті рудан қол жиған.
Әуелде кұдай қалаған,
Асылы нұрдан тараған.
Ақ сұңқардай түлеген,
Тояты оның қанған соң.
Алыстан тоят тілеген!
Алыстан дұшпан аттанса,
Қар-жаңбырдай бораған.
Жақыннан дұшпан аттанса,
Қарт бурадай жараған.
Барғанда, төре таныған,
Қайтқанда, қара қамаған.
Қарасы мен төресі
Қамап ақыл сұраған.
Тобықтының биі еді
Сексенге келген Кеңгірбай.
Еншің толды параға.
Парадан алған көп мақпал
Өлгенде жайылды қараға.
Екі жұртқа жем қылып,
Ылажың не дүр Аллаға ?!
Айдының Алатаудай бар еді,
Қайратың Қаратаудай бар еді.
Кәріп пенен қатерге
Сауып тұрған бие едің.
Жетім менен жесірдің
Айттырмай мұңын біледі.
Толарсақтан саз келсе,
Қажымай оған күледі.
Арғын-Найман - Орта жүз
Қылышын жанай жүреді.
Тұғырға қалған сұңқары,
Суытып қойған тұлпары.
Алпыс басты ақ орда,
Ақ сұңқар үйде тұрған-ды,
Күні де түні базарым,
Алладан қайтты назарым!
Бетімнен кетті ажарым!
Хан иеміз кеткенде,
Бір күнде кетті базарым!
Жаздыгүні болғанда,
Күннің көзі байланған,
Ақ сұңқар ұшып айналған!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 483
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .