Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы)

Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы) казакша Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы) на казахском языке

Тiрлiк пен денсаулықта – баста бағым,
Онан соңғы дәулетім – тiл мен жағым.
Құдай берген он екi мүшелерім ,
Өз өнерім өзіме–алтын тағым.

Алты алашқа жайылып кеткен атым,
Жүрген жерім - ду базар, қылып хатым.
Ұстаз пiрдiң һүмматы болып жәрдем,
[Бiр] ұшсам, кете берем, бар қанатым.

Баянауыл: Қызылтау- өскен жерім ,
Кiрім жуып, кiндiгім кескен жерім .
Қалам, сия, қағазды қолыма алсам,
Келер қоршап бойыма ғайып пiрім .

Айдабол мен Күлiктен- шыққан затым,
Мәшһүр деген– бiр лақап, Жүсiп- атым.
Орта бойлы, қой көздi, пiтiр(пiти) мұртты,
Аққұба, бидай өңдi қиапатым.

Жылым- қой, тоғыз беске келiп жасым,
Жарастықты, көрнектi сақал, шашым,
Жел қайықтай жел сөзге есушi едім ,
Тұрған күнде: “домалап өрге тасым!”

Әкем Көпей- жетпiс үш жасында өткен,
Дiн жолына жас күнде бiздi үйреткен.
Өзi жастай тариқат жолын iздеп,
Әбiлқасым ишанға қызмет еткен.

Бабамыздың аты екен- Шермұхаммед,
Құдайға - құл, нәуиге(нәбиге) болған үмбет.
Балаларын оқуға сүйрейдi екен,
Екi қолдап жетелеп, қылып һүммет.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, танырстыру, Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы, мәшһүр жүсіп көпеев Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке, , танырстыру, Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы, мәшһүр жүсіп көпеев Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копее, Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы), Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com