» » » Өлең: Ілияс Жансүгіров (Малта)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Малта)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Малта) казакша Өлең: Ілияс Жансүгіров (Малта) на казахском языке
Құлыншақтай қу шұнақ,
Құйрық-жалсыз, сұр шұнақ.
Балаға берді апасы
Сұрша малта, жұмыршақ.
Алды бала қуанып,
Кетті аузынан су ағып.
Бала:
- Жымың-жымың күлдірген,
Жып-жылмағай малта ғой.
Малта-малта малтақай,
Қайдан шықтың, айта ғой.
Жоғарғы ерні қыбырлап,
Төменгі ерні жыбырлап.
Малта сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
- Жайылып желін толтырған,
Қоңырша қойдың сүті едім,
Қатын қақтап сауған соң,
Шелекте қалып бүркендім.
Қазанға күйді пісірді,
Пісірді де түсірді.
Тостағанын томпайтып,
Ауыздарын қомпайтып,
Көбігімді ұлы алды,
Қаймағымды қызы алды,
Жуындымды —күшігі.
Ұйытқы қойып ұйытқаның,
Ұғындым да ұйықтадым.
Айран беріп балаға,
Құя салды сабаға.
Тентек піспек түскені-ай,
Күлдір-күлдір піскені-ай.
Пісіп-пісіп толқыды,
Бетімде май көлісіді.
Қылшықтады, шайқады,
Тұзын татып байқады.
Бағанағы балалар:
- Aпa, маған да! — деп айтады.
Апасының қарағы
Алақанға салады,
Жылпылдатып жалады,
Жалап-жалап алады.
Тұрды қатын азаннан,
Құрт қайнаған қазаннан,
Құрт ішкенде тойынды,
Шұрқ-шұрқ қайнап қойылды.
Түсірді де, суытты,
Қапқа сүзіп қойыпты.
Серең сирақ сүреге,
Жайып қойды үреге.
Үреде күннің өткені-ай,
Шақылдап шекем кепкені-ай.
Қыстың күні болғанда,
Қыстауға ауыл қонғанда,
Тары көже пісіріп,
Қопарып қазан түсіріп,
Қатын қабын сөккені,
Салдыратып төккені.
Шым-шым суға шомылып,
Құрттың жібіп бөккені.
Қос білегін сыбанып,
Қос уыстап бір алып,
Салдыр-салдыр езді ғой.
Саған апаң берді ғой,
Жей бер, батыр, сөзді қой.
Бала айтқанды тыңдады,
Тыңдап қана тұрмады.
Малта аузына жылп етті,
Екі ерні сылп етті

Автор: nurgul95 | 209 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Заводта)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Заводта)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алтын қазан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алтын қазан)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ынтықтар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ынтықтар)
Ертегі: Қарға мен құрт
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қарға мен құрт
Ертегі: Шал мен кемпір
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Шал мен кемпір
Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (От жалын ой өртеп ішті)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (От жалын ой өртеп ішті)
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Шеше мен бала)
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Шеше мен бала)
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен құрт)
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен құрт)
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Байұлы)
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Байұлы)
Наурыз көже қалай жасалады?
Пайдалы кеңес жинағы
Наурыз көже қалай жасалады?
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Ауылдың алды)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Ауылдың алды)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жауын)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жауын)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Не күйде)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Не күйде)
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ереуіл атқа ер салмай)
Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов (Қыс)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов (Қыс)

KZ / Өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіров Малта өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Малта, ілияс жансүгіров Малта өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша ілияс жансүгіров өлеңдері илияс жансугиров олендери илияс жансугиров стихи на казахском Малта, Өлең: Ілияс Жансүгіров (Малта) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке