Ілияс Жансүгіров (Ауылдан хат)

 Ілияс Жансүгіров (Ауылдан хат)

Құсайын құрдас құстай жүрсің қайда?!
Айналды сен кеткелі сегіз айға.
Ақсудан аттандырған азаматтың
Сәлем айт барлығына, бар Матайға.
Семейде сегіз айдай семірдің бе,
Болмаса қара қайғы кемірдің бе.
Ен дала, емін-еркін елде жүрген
Маған сен не естідің, не білдің де.
Бұл жақтың қары кетті, күні жақсы.
Қой қоздап жатыр, елде астық тапшы.
Сендерді елге қашан қосылад деп
Үлкеннің бәрі болды құмалақшы.
Тыныштық орыс-орман қаладағы,
Қалғанның қайғысы сен даладағы,
Аңыртпай амандықты білдіруге
Хатыңды үзбе, жаным, арадағы.
Әйтпесе анаң сорлы шөгед шөптей
Көзінің отырмайды жасын төкпей,
Ерте-кеш көрем бе деп аңырайды
Өзіңнен өзге ұлдарын кәнет етпей.
«Балам!» — деп уһілейді байғұс әкең,
Қояды анда-санда айтып жәкең,
Алысқа кеткеніңе аңсайды әркім,
«Ит ырыл, бақан салды» ауылда екен.
Қош! Саған бұдан бөтен айтарым не,
Хатыңа жаз, қайтасың қашан елге,
Жақсылық болып жатыр, ертерек кайт,
Күн жақсы көрісуге, қолыңды ап ке!

Тойла.
7-көкек, 1917 жыл. Талдықұдық».

Қараталда қырылған Жалайыр-Сырымбет деген елдің 54 кісісіне айтқан даусынан:
Ақжарға қарай айдаған.
Ақжардың түбін қандаған.
Тұқымың құрғыр қырық солдат
Қылышыменен қинаған.
Айдап кетті дегенде
Артынан кісі бармаған.
Хабарға барған Салықты
Найзамен шаншып айдаған.
Ата-екемнің артына
Екі қолын байлаған.
Екі шақырым барған соң
Соғым қойдай жайғаған.
Қасқыр шапқан қорадай
Шошиып қалды Сырымбет,
Қалғаны қылыш, найзадан

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?