Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Бөбек бөлеу) » ZHARAR © 2016 | ілияс жансүгіров Бөбек бөлеу өлеңдер, ілияс жансүгіров өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіровтың өлеңдер жинағы, ильяс жансүгіров олендери, ильяс жансугуров стихи на казахском языке, ильяс жансугуров казакша стихи, ильяс жансугуров, казакша стихи ильяс жансугуров казакша стихи скачать




  • »

Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Бөбек бөлеу)

Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Бөбек бөлеу) казакша Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Бөбек бөлеу) на казахском языке

Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек,
Бөлейін бері кел, бөбек.
Бедерлі бесік, төрт есік,
Төгілте салдым төр төсек.
Бөпешім, бесік - отауың,
Отауыңа кір, бөбек.
Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек.
Бүлдіршін шүмек бәйтерек,
Балалы үйрек, бас бармақ,
Кішкене бөбек, бес бөлек.
Саусақайы салбырап,
Бөлене қойсын қос білек.
Бөл-бөл бөпем, бөл бөпем;
Бөлесем, жөнге көн, көкем.
Көк ала жылқы көлде екен,
Көк ала тайың сонда екен.
Торсығыңды тосайын,
Тұмсық төсей cop, көкем.
Бөл-бел бөпем, бөл, бөпем.
Бөлейін бері кел, көкем.
Жұлдызыңды жұм, көкем,
Жуынып ерте тұр, бөпем.
Алшая атқа мін, бөпем.
Ақтан қара біл, көкем.
Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек.
Бөлекен қонған көк өзек.
Көк өзекте көбелек,
Көлге көк құс шүй, бөбек.
Көк өзекте көбелек,
Көбелектей күл, бөбек.
Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек.
Боларсың бөпем қолкөмек:
Әлпештеген ата-анаң,
Бола қалса мүгедек.
Таңайын, ұйықта, таң атсын.
Түнде оянба, түн түнек.
Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек.
Бөріден бөстек ки, бөбек,
Ерінбей еңбек ететін,
Еліңе бол елгезек.
Елгезек болсаң иісін,
Ендеше саған екі емшек.
Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек.
Бөгелмей білім біл, бөбек.
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің,
Елге есті ер керек,
Ер жет! Есей ертерек.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 3 123
Рейтинг:
(голосов: 4)

.

. .