» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қалжыңшыл қылжақпас)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қалжыңшыл қылжақпас)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қалжыңшыл қылжақпас) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қалжыңшыл қылжақпас) на казахском языке
Жайдары күлдіргіш, қалқам,
Ұятсыз, әдепсіз, салқам.
Күлгенім бір сенің арқаң,
Ыржақта,
қылжақта, әйдә!

Мазақ қыл көрінген жанды,
Өнер қыл қылжақтағанды.
Сөзіңе құмарым қанды,
Жыртақта,
бұлғақта, әйдә!

Жолыққан кісіге соқтық,
Қалжыңға қосып айт боқтық
Осы ғой сәулесі жоқтық,
Сен күлдің,
мен білдім, әйдә!

Ішің у, сыртыңды майла,
Есердің бәрін де жайла.
Күлкімен көздерін байла,
Сенделдің,
жөнделдің, әйдә!

Сөзіңе күлгенді ұна,
Күлмесе жалынып сұра.
Сөйлесең аузыңды бұра,
Жедің боқ,
әбден соқ, әйдә!

Бай өліп, баласы қалса,
Қасына сені ертіп алса.
Қылжақ пен күлкіге салса,
Тамақ тоқ,
қайғы жоқ, әйдә!

Жағасың күлкімен жүріп,
Шығасың ішіне кіріп.
Аласың аузынан жырып,
Бұлтылда,
жылпылда, әйдә!

Маймыл бол есерге сондай,
Арсылда адамға болмай.
Ит болып өтесің оңбай,
Жырқылда,
тырқылда, әйдә!

Автор: nurgul95 | 97 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Қалжыңшыл қылжақпас өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Қалжыңшыл қылжақпас, шәкәрім құдайбердіұлы Қалжыңшыл қылжақпас өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Қалжыңшыл қылжақпас, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қалжыңшыл қылжақпас) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке