» » » Өлең: Қасым Аманжолов (Мәжілісқорлар)

Өлең: Қасым Аманжолов (Мәжілісқорлар)

Өлең: Қасым Аманжолов (Мәжілісқорлар) казакша Өлең: Қасым Аманжолов (Мәжілісқорлар) на казахском языке
Түн ауысып,
Таңға айналса болды тек,
Күнде көрем:
Жөңкілген жұрт лек телек,—
Басқармаға,
Комитетке,
Полит пенен Просветке
Ағылған жұрт қызметке.
Кеңсесіне кірісімен қызметкер,—
Жауды жаңбыр — жауды қағаз бір нөсер,
Елуінен ерек алып біразын,
Мәжіліске енді қайқаяды сабазын
Келдің, дедің:
«Бағы күннен жүр едім,
Аудиенция алмақ еді тілегім».
— Иван Иваныч мәжіліс кетті тағы да —
Тео-Гуқон Бірлестігі жағына,—
Жүз баспалдақ тоздырдың" сен,
Мең - зеңсін...
Келдің тағы:
— Бір сағаттан соң келсін,
Деді сізге,
Мәжілісте отыр, тез келмек,
Сыя сатып алмақ екен Губкооператив бір шөлмек.
Сағаттан соң
Хатшылардың бірі жоқ,
Кеңседе жан — тірі жоқ.
22 жасқа дейін барлығы
Комсомолдың мәжілісінде дағдылы.
Тағы өрледім,—
Түнге кезім түсті де,—
Жеті қабат үйдің дәл ең үстіне.
«Иван Ваныч келді ме екен?» —
Жоқ онда!
— Мәжілісте отыр,
А-бе-ве-де-же-комда.
Лағнет айтып,
Ызам әбден асқындап,
Қіріп бардым
Сол мәжіліске тасқындап.
0, ғаламат!
Қарай бердім оқшиып.
Отыр өңшең
Жарты адамдар мықшиып.
Қайда жарты денелері бұлардың.
«Жарып кеткен!
Ойбай, қайтып шыдармын!»
Бұл сұмдықтан есім кетті, тап шыным.
Кенет
Баяу
Үні естілді хатшының:
— Бұлар бірден
Екі мәжіліс үстінде,
Жиырма мәжіліс өткіземіз бір күнде,
Қақ бөлінбес еш айла жоқ, таңданба,
Кеуде мұнда,
Басқа жағы қалды анда.
Ыза деген ұйықтатпайды.
Таң сәрі.
Таңмен бірге ойладым әр нәрсені,
«О, шіркін-ай,
Тағы бір мәжіліс өтсе екен,
Бар мәжілісті сол құртып бір кетсе екен»

Автор: nurgul95 | 107 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қасым аманжолов Мәжілісқорлар өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша, қасым амандолов өлеңдері, касым аманжолов олендери, касым аманжолов стихи на казахском, Мәжілісқорлар, қасым аманжолов Мәжілісқорлар өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша қасым амандолов өлеңдері касым аманжолов олендери касым аманжолов стихи на казахском Мәжілісқорлар, Өлең: Қасым Аманжолов (Мәжілісқорлар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке