» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Қаһарман халық достығы)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Қаһарман халық достығы)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Қаһарман халық достығы) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Қаһарман халық достығы) на казахском языке
Өткізген жерім жасымды,
Ағартқам сенде шашымды
Ыстықсың өте тым маған,
Еріме ылғый болысып,
Елімді жаудан қорысып,
Ерінбей сенде жырлағам.
Алалы жылқы, ақты қой,
Қырында өсіп мыңдаған.
Қыдырлы шалқар көлдерің
Балығы тайдай тулаған.
Барқыттай, шүйгін белдерім,
Көтерем үзсе — қунаған.
Жарқылдап жасыл көгінде,
Жаңбыры тартып егінге —
Жайқалып жапан жырғаған.
Қаспанды жаудың кегіне,
Қоймасы таудың алынып,
Көмірлер қыза жағылып,
Қайнатып кенді тұр қазан.
Кемпір мен шал да шаршамай,
Балаға дейін қаршадай
Еңбекте шыйрап, шыңдалған.
Қаруға халық жаттығып
Гитлерге өлім шындаған.
Әлемнің аңыз сөзі боп,
Қуаттың қайнар көзі боп,
Ержүрек ерлер шығарған, —
Қаһарман Қазақстаным,
Қарасам көзім тояр ма,
Қуатты мұндай болар ма,
Ол заманда бұл заман!
Жарасып жұртпен дүрмегі,
Ерлігі досқа ұнаған, —
Сүйкімді көпке көрініп,
Досына үлгі делініп,
Сүрінбей өткен сындардан.
Немерем, менің ұлдарым!
Осынау бір жыл ішінде,
Шат болып қаһар, күшіңе,
Қолыңды талай жырладым;
Аталық айтып сөзімді,
Алалмай кәрі көзімді.
Жорыққа жолдап тұрғамын,
Сендерге жырмен дем бердім,
Есендік, саулық сұрадым,
Ленинград пен Москва
Қыйратып жауды қасында,
Әлемге атақ шығардың.
Бастаған қолды Панфилов,
Сорына жауыз сұмдардың.
Толтырды шаттық көңілге.
Қазақтар орыс жерінде,
Тайсалмай шауып өлімге,
Гвардеец атанып,
Үлгі боп байтақ еліне,
Ерліктің тікті туларын.
Көздеген арғы жағаны,
Дегенде жаудан тағы алды,
Шаттыққа тіпті сыймадым,
Украина топырағын
Көкрегіндей ананың,
Жауған оқтан жасқанбай,
Сарайларын ашқандай,
Сүйіпті менің ұлдарым!
Жасыратын сыр ма бұл? —
Естіп соны қарт Жамбыл,
Көкрегі толқынып,
Жас ірікті бұл да бір.
Жетті жылды жыл қуып,
Қан майданда қабынған...
Жауды жеңер күн жуық:
Сталиннің сөзі — заң!
Қабырғасын қаусырып
Дұшпанды біз тықсырып,
Сығамыз жан-жағынан.
Күннен күнге күшейді
Қаһарлы халық достығы!
Қалмайды аман жау бұдан,
Жауды жедел құртуға,
Қазақстан күшті құй
Қарыштай бас, сал ұран.
Жеңісті естіп тұр халық
Біздің дүбір сарыннан
Келе жатқан жер жарып
Ертеңгі ұлы дауылдан!

Автор: nurgul95 | 135 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Қаһарман халық достығы өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Қаһарман халық достығы, жамбыл жабаев Қаһарман халық достығы өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Қаһарман халық достығы, Өлең: Жамбыл Жабаев (Қаһарман халық достығы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке