Жамбыл Жабаев (Өлім мен өмір белдесті)

 Жамбыл Жабаев (Өлім мен өмір белдесті)

Аз сөйлеп, көпті болжаған,
Арыдан терең ойлаған,
Сталин данам, қарағым!
Сөзіңді естіп сөйлеген,
Жүрегін түгел тербеген,
Кәрі мен жастың, баланың!
Тебірендім қатты мендағы,
Күшімді жыйнап қайдағы,
Қаздаңдап бастым аяғым!
Сөзіңнен түгел түсіндім:
Жалмауыз жаудың пішінін —
Құбыжық түсі адамның!
Ел-елге салған тұмсығын.
Еттерін жеген кісінің
Нысайы жаман сұмырай!
Ерікті, бақты жоймаққа,
Еліме ашқан аранын.
Бұл неткен қорқау қасқыр деп,
Бойымды билеп ашу, кек,
Түнерді бұлтша қабағым.
Жайпауға құштар жан-жағын —
Тоңмойын, дүлей жау мәлім,
Аямас күшін, амалын,
Боратып жатыр оқтарын,
Жаудырып жатыр доптарын,
Бұзам деп Отан қамалын.
Қайтарып десін солардың,
Өтінде оқты боранның,
Халқы үшін жанын фида етіп,
Аспан мен жерде гулетіп,
Пәршелеп жаудың ілегін,
Талқандап тамшы түйдегін,
Тойтарған ерлер жау алдын,
Қаһарман батыр соларға,
Қуатты тірек боларға,
Түгел шық — өрен-жараным!
Жырымды жұртым енді есті:
Өлім мен өмір белдесті.
Не керек жанды аяуың
Бұл жолдан қалған малың мал!
Бұл жолдан қалған жаның жан!
Не дейін айтып аяғын!
Қайраты құрыш халық ек,
Қамалды талай алып ек,
Жығып ек туын дұшпанның;
Ұран қып ұлы нұсқауын,
Сталин көсем дананың!
Тағы да берді нұсқауын,
Сол енді жұртым уставың —
Сайлаған жаудың ажалын!
Қан кешкен сонау майданда,
Айбынды Қызыл Армия
Орында түгел талабын!
Жібермес жауға ол кегіңді,
Құтырып қапқан еліңді —
Қан ішер фашист жаулардың
Қуырар әлі-ақ заманын

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?