» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Үндеу)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Үндеу)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Үндеу) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Үндеу) на казахском языке
Елдің ақын ұлдары,
Егей өңкей тілмәрі,
Ел-елден кеп қостың бас;
Ертіс, Жайық Іле, Сыр,
Ұшан-теңіз сулары
Каспий, Арал, көл Балқаш,
Сабасындай өлеңнің,
Арнасындай өзеннің
Өрен жүйрік кәрі, жас,
Топтарыңа келгенде
Айтатұғын сендерге
Арнаулы бір жырым бар,
Үлкен, кішің құлақ ас!
Адамзаттағы ардақты ұл —
Туғанына алпыс жыл
Толғанында, толғантып,
Жамбыл қартты қозғалтып,
Домбырасын міне, бұл
Колға қалай алдырмас!
Сталин боп ұраным,
Шарықтаса қиялым,
Қанатымды талдырмас!
Қара тасты жібіткен,
Суық мұзды еріткен,
Баққа туған күн кесем,
Соған жырды төкпесем
Мейірімді қандырмас!
Қажыған көп шабыста,
Қарлыққан қарт дауысқа
Сұнқылдатып үн берген
Ақындарды сайратып,
Шежіре жақ тіл берген,
Данышпаным Сталин
Жасағанда алпыс жас,
Қалай қиял шалқымас!
Қалай сүйек балқымас!
Қозғар түгел осы жыр
Алпыс екі жүйені.
Қарт жүрекке құйып нұр,
Кәрі денем иеді.
Сталиннің тойына
Жырдан шашу шашам деп,
Шаттық толқып ойыма,
Төбем көкке тиеді,
Бір соққандай менімен
Елдің ұлы жүрегі.
Қуанышқа бөленіп
Жиі соғып күледі;
Соны сезген кәрі жан
Күш өргізіп тамырдан
Тағы қуат үдеді.
Кәне, Жамбыл, қозғасын,
Кәне даусың самғасын!
Ақтарылсын асыл сөз,
Айтылмай жыр қалмасын
Ақындықты сынар кез!
Уа, Нұрпейіс, қайдасың?
Уа, Орынбай, шырқа сен!
Қалқа, Нартай, Нұрлыбек
Жырларыңды нөсерлет,
Ақтарыңдар арнасын!
Шежіре шешен ақындар!
Дауысыма дауыс қосыңдар!
Тау жаңғыртып жер жарсын,
Сөздің шырын қаймағы
Інжу жырлар қайдағы
Сталинге арналсын!

Автор: nurgul95 | 107 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жаз)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жаз)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Мұғалімдерге сәлем)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Мұғалімдерге сәлем)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Большевиктер тобына)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Большевиктер тобына)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жастық жыры)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жастық жыры)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Елімнің қыздарына)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Елімнің қыздарына)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жамбылдың халық үшін қалған жасы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жамбылдың халық үшін қалған жасы)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күн толғауы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күн толғауы)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күн нұры)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күн нұры)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сәлем бүкіл халықтан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сәлем бүкіл халықтан)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қайта келген жастық)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қайта келген жастық)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ақынға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ақынға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталинді сайлаймын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталинді сайлаймын)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталин ұрпақтары)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталин ұрпақтары)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Одақтас)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Одақтас)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталинді тығдадым)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталинді тығдадым)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орден алғанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орден алғанда)

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Үндеу өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Үндеу, жамбыл жабаев Үндеу өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Үндеу, Өлең: Жамбыл Жабаев (Үндеу) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке