» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Егіс жыры)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Егіс жыры)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Егіс жыры) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Егіс жыры) на казахском языке
Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық,
Жарыспен еңбек жазын біз қарсы алдық.
Қыртысын қара жердің қарыс айырып,
Қажымай жер қазынасы қабын жардық.
Далада асыр салдық ойын, тойдай,
Ұнтадық кесек жердің бірін қоймай,
Жасырып оған алтын дән тұқымын,
Бітірдік көктемгі егіс ісін тойлай.
Нөсерлеп бусандырып келгенде май,
Орады колхоз жерін көк, көк-орай,
Қарсы алды алтын таңды, әнге салды,
Үстінде егістіктің қара торғай.
Иранның кілеміндей жүз құлпырған,
Даласын егін басты Қазақстан,
Телегей теңіздей боп жатқан егіс,
Үстінен қалықтайды аэроплан.
Күзеткен қызыләскер елім шетін,
Ер ұлым жасқандырар жаудың бетін,
Өсе бер еркін шыққан піскен егіс,
Сақтауға жаудан сені солар кепіл.
Жанды еңбек, жан шаттанды, жайқалды егіс
Толқындай басын бұлғар дала тегіс —
Орындап, ұлы Сталин айтқан сөзін
Береміз жеті миллиард жерден жеміс.
Жолымен Турксибтің поез заулап,
Тиеп ап бидай, күріш, кетер шумақ,
Сөзі мен Сталиннің ісіне сай
Көсемнің айтқан сөзі орындалмақ

Автор: nurgul95 | 175 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Егіс жыры өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Егіс жыры, жамбыл жабаев Егіс жыры өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Егіс жыры, Өлең: Жамбыл Жабаев (Егіс жыры) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке