» » » Өлең: Ғафу Қайырбеков (Бала бекетке)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Бала бекетке)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Бала бекетке) казакша Өлең: Ғафу Қайырбеков (Бала бекетке) на казахском языке
Сыбызғы кесіп қурайдан,
Сыйлауға саған ұйғардым,
Шеберлік тілеп құдайдан,
Жасауын білмей қиналдым.
Шаңыраққа байлап кептіріп,
Шаңқай түс кезіп кеп бақтым.
Бәкімді қайрап өткір ғып,
Жүзінде сәуле тоқтаттым.
Сақсынып ішін мол аршып,
Сығалап әккі мергендей,
Қол қайтты талай қобалжып,
Бүлдірер кезім келгендей.
Қарай да қарай сен жүрдің,
Сәби де көзің жаудырап.
Нұсқасын оймен келтірдім,
Кемістеу болды сәл бірақ.
− Ал, шырқат - дедім,
− Бай көңіл
Балалық шіркін шыдап па?
Өзің бе, ол ма – әйтеуір
Бір тәтті үн келді құлаққа.
Сен мәзсің - болды мен үшін, -
Есіме түсті күштілер –
Әр істе сондай кемісің
Кетерін қайран іш білер

Автор: nurgul95 | 169 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, ғафу қайырбеков Бала бекетке өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Бала бекетке, ғафу қайырбеков Бала бекетке өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша ғафу қайырбеков өлеңдері гафу каирбеков олендери гафу каирбеков стихи на казахском Бала бекетке, Өлең: Ғафу Қайырбеков (Бала бекетке) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке