👈 қаріп өлшемі 👉

Мұқағали Мақатаев (Хан тәңірі)

 Мұқағали Мақатаев (Хан тәңірі)

Шыңның мен танымаймын аласасын,
Төбе де аласамен таласасың.
Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай
Қайсың Хан тәңірімен жанасасың?
Шыңның мен ұнатамын биіктігін,
Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті Күн.
Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,
Қанеки, Хан тәңірінен иықты кім?!
Егерде құдірет болса, бөлшегіндей
(Алдында құдіреттің көр шегінбей.)
Шаншылып әнеу тұрған Хан тәңірі -
Шапшыған Тянь-Шаньның емшегіндей.
Күн де оның баурайында дөңгелеген,
Буалдыр, бозғыл шәйі перделеген.
Бойында Хантәңірінің бұғып жатқан,
Алапат аяныш бар жерге деген.
Тік тұр ол.Қырын қарап сай-салаға,
Күн көркі, Көк - мекені, Ай - шағала.
Қалғымай қанша жылды өткерді екен
Тәкаппар Тянь-Шаньдағы қайсар аға?
Таудың мен ұнатпаймын тапалдығын,
Тапалдан талайлар-ақ татар жұғын.
Сүйем мен табиғаттың ұлылығын,
Сүйем мен табиғаттың қаталдығын!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Әнші Роза Әлқожа қызына су жаңа көлік сыйлады (видео) 16.09.2022
» Қазақстанда еңбекке қабілетті 9 млн адам тегін курстардан өте алады 16.09.2022
» 2023 жылдан бастап жұмыстан шығып қалғандарға төленетін жәрдемақы өседі 08.09.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы