» » » Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бауыржан Момышұлына)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бауыржан Момышұлына)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бауыржан Момышұлына) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бауыржан Момышұлына) на казахском языке
Аға,
Саған, білмеймін не айтарымды,
Қай қырыңнан білмеймін байқарымды.
Көңілдегі ой көмейге кептелді де,
Түрмесіне кеудемнің қайтарылды.
Қайтерімді, білмеймін не айтарымды.
Жасқануды білмеуші ем, жалтаруды,
Heгe көңіл, білмеймін, ақтарылды?!
Ақ тұлпарым бар еді саған деген
Алып ұшпай ол неге аңтарылды
Сен зәру емессің ғой құрметке,
Сырлы аяқтың сыны бар, сыры кеткен...!
Тонға емес, орамал жолға жарап,
Сый тартуды атамыз ырым еткен
Тартар сыйым өзіңе болмағасын,
Белгілі ғой қасыңа жоламасым.
Ақ сұңқарым бар еді, ұшпай қойды,
Алсам-дағы басынан томағасын.
Қылышымды суырып қынабынан,
Қыл қапқан жүзін көріп, жыладым-ау...
Жетімдердің кегі мен жесірлердің
Суарып ем суалған бұлағына.
Қайрап едім зауалдың шарығына,
Қақтап едім қан майдан жалынына.
Қынабына оны да жасырдым мен,
Керек болып жүрер деп халығыма.
Қынабына caп қойдым үмітпенен,
Оның несін жасырам бүгіп сенен.
Саған, аға, сақталған бір сый бар-ау,
Назарына ешкімнің ілікпеген.
Алтын да, алмас та емес жалтылдаған,
Бір сый бар, аға, саған, тартылмаған!
Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер,
Сыйдан да он есе артық даңқың маған.
Ешкімнің назарына ілікпеген,
Саған бір сый тартам деп үміттенем.
Жүрегімнің тапсырған аманатын
Бере алмай кетем бе деп күдіктенем.
Қандай сый тартсам екен, аға саған,
(Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?
Ешбір сый таба алмасам, аға, саған
Аппақ тонын - атамның тәбәрігін,
Жүзге кел деп арқаңа жаба салам.

Автор: ZHARAR | 21 424 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қыз махаббаты)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қыз махаббаты)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жырлар жазам)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жырлар жазам)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Нені аңсаймын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Нені аңсаймын)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен білмеймін нe болады күні ертең)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен білмеймін нe болады күні ертең)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тағдырмен бетпе-бет)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тағдырмен бетпе-бет)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жоқ дәрігер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жоқ дәрігер)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жырласам ба екен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жырласам ба екен)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Реніш)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Реніш)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жолдастарға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жолдастарға)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Көктем де келер)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Көктем де келер)
Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Тамсандым, сүйдім, өлдім мен...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Тамсандым, сүйдім, өлдім мен...)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Махаббатым өзімде)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Махаббатым өзімде)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Елім, саған ғашықпын!)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Елім, саған ғашықпын!)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Аттанғанда)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Аттанғанда)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Апырмай, туған жер-ай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Апырмай, туған жер-ай)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Егер де айта алмасам айтарымды)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Егер де айта алмасам айтарымды)

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Бауыржан Момышұлы өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Бауыржан Момышұлы өлеңі мукагали макатаев все стихи на казахском языке мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы м.мақатаев өлең, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бауыржан Момышұлына) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке