Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арулар)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арулар) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арулар) на казахском языке

Арулар - асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар -- асыл жандар!
Арулар - асыл жарлар!
Арулар - әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атты-дағы,
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,
Саясына келеді-ау, шуақтағың.
Жамандыққа қиярсың қалай ғана,
Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.
Арулар - асыл жарлар, сағыныштар,
Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...
Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,
Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.
Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар - тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Арулар өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, , мұқағали мақатаев Арулар өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арулар), Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арулар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com