Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен) » ZHARAR © 2016 | мұқағали мақатаев He пайда күрсінгеннен өкінгеннен өлеңі , мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері , мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы,




  • »

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен) на казахском языке

He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен,
He пайда дәтке қуат бекінгеннен,
Алайда, емханада көз жұмғаннан,
Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген.
Құрбан ғып жастығымды, жас ғұмырды,
Жауымнан жасыра алмай қастығымды.
Жанымды аямаған жауларымнан,
Ала жатар едім ғой жастығымды.
Өкінбен, мұңайман да, өксімеймін,
Өмірім, осылай-ақ өтші мейлің.
Алайда, аласапыран тіршіліктің,
Алдында күресе алмай тек сілейдім!
Күнін керіп жүргем жоқ жетім құлдың,
Бірақта не бітірдім, не тындырдым.
Шөп жинаған ініне суырдайын,
Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым өлімдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім!
Туған жер сағындырды, келді есіме,
Өзім кепіл енді оны көрмесіме.
Тағыдай тауда өскен тарлан едім,
Таңылдым емхананың бөлмесіне.
Кім кепілдік береді өлмесіме!
О, дәурен, неткен ғажап сүйікті еді!
Жайылған жасыл маңда киіктері.
Отырған оңашада, биіктегі,
Таңғы самал жататын сүйіп мені.
Ойнатып омырауда таң самалын,
Мен алғаш шыққан күнді қарсы аламын.
Мәңгілік сол биікте қалып қоймай,
Несіне бұл тірлікті аңсағамын?!
Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?!
He деген жел айдаған көбелекпін.
Еркіндік, еркелікті місе тұтпай,
Тасқа әкеп өзімді-өзім шегелеппін...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 7 472
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .