Өлең: Қош бол! Сен кереметсің!

Өлең: Қош бол! Сен кереметсің! казакша Өлең: Қош бол! Сен кереметсің! на казахском языке

Сұп-суық желі азынаған, күллі айналаны күңгүрт түске бояған күрең күздің соңғы күндері өтуде... Сап - сары болған жапырақтардай сағынышқа оранған менің жаным, санамнан еш кетпейтұғын сол жанды тағатсыз сағынады...

- Қош бол !!! Сен кереметсің !!!
Сонда сен бұл сөзіңмен не демексің ?
Әттең мені өзіңе ғашық еткен,
Тағдырыммен келеді төбелескім.

- Қош бол !!! Сен кереметсің !!!
Жоқ, мұны маған жазған сен емессің,
Құрығы қанша ұзын болсадағы,
Сені алып кете алмас менен ешкім.

Сенде маған қымбатсың, кереметсің,
Сенен өзге ешкімді елемеспін ...
Екеумізді ағызған екі арнамен ,
Өміріммен келеді ерегескім.

Түнде түсім, өңімде сен елессің...
Сыр ала - алмас, өзіңдей менен ешкім.
Егер мен бұл өмірде сенсіз өтсем,
Досқа таба, дұшпанға келемежбін ...

- Қош бол !!! Сен кереметсің !!!
Сонда сен бұл сөзіңмен не демексің ?
Түсіндім , гүлім мені елемепсің,
Неге менің жолымды бөгемексің ?
Ей өмір ... мені ол қызға шегелепсің,
Тағдырыммен келіп тұр төбелескім ...

13.04.2018
@ Бүтінбаев Нұржан




KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, кереметсің, менің, азынаған, кетпейтұғын, алмас, күллі, маған, төбелескім, келеді, Тағдырыммен, демексің, сөзіңмен, Сонда, сағынады, ешкім, жанды, тағатсыз, санамнан, жаным, айналаны, кереметсің менің азынаған кетпейтұғын алмас күллі маған төбелескім келеді Тағдырыммен демексің сөзіңмен Сонда сағынады ешкім жанды тағатсыз санамнан жаным айналаны, Өлең: Қош бол! Сен кереметсің! қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке