Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ауылда)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ауылда) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ауылда) на казахском языке


Қатал боп тұр мына заман нарығы,
Қатты боп тұр нарығыңың қарымы.
Қанша жүрдім қараңғыда қарманып,
Қайда кеткен ауылымның жарығы?
Сұлбасы тұр көше-көше үйлердің,
(Мен бәріне еркін кіріп үйрендім).
Білінбейді еш тіршілік белгісі,
Жүрек сыздап, бір беймаза күйге ендім.
Әрбір үйі айналғандай қамалға,
Сенбейді ауыл қазір ешбір адамға.
Түн болғанда, төңірегін бекітіп,
Көшіп жатыр сан түрлі айла-амалға.
Жатушы едік қай төрде де көсіліп,
Дос-жаранмен сырласушы ек шешіліп.
Ауылымның дәстүріне қонақжай,
Мына заман алды әбден өшігіп.
Ауыл үстін қараңғылық басыпты,
Ай да «ұялып», бұлт тасалай қашыпты.
Аунап-қунап қайтайын деп келіп ем,
Қайран ауылым көңілімді жасытты.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Ауылда өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Ауылда, айтқали нәріков Ауылда өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Ауылда, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ауылда) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке