Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сағым боп аққан сан жылдар)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сағым боп аққан сан жылдар) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сағым боп аққан сан жылдар) на казахском языке


Сағым боп аққан сан жылдар,
Сарпаңға мені салдыңдар.
Тағдырлас маған, тағдырлар,
Қай жаққа кетіп қалдыңдар?
Сайрандап күнде келеті
Саялы баққа бара бар;
Сан етін ойып беретін,
Қай жақта жүрсің, ағалар?
Қанаттыға қақтырмай,
Қамқоршым едің жем берер.
Айдында жүзген аққудай,
Қайдасың, қайран жеңгелер?
Сотқар боп мені есірген,
Қолымнан тізгін тартпадың.
Сақалына орап өсірген,
Қай жерде жүрсің, қарттарым?
Мендегі қызық тағдырға,
Жастарын сүртіп қараған.
Қай жаққа кетіп қалдындар,
Бір анам емес, бар Анам?
Көп жылдар өтті, көп күндер.
Халімді сұрамай бәрің,
Қай жаққа ауып кеттіндер,
Тауымның құралайлары?
Жаныма жайғасыңдар,
Жан сала шыңғырамын:
О, қайда, қайдасыңдар!
Тағдырлас құрбыларым?




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Сағым боп аққан сан жылдар өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сағым боп аққан сан жылдар, мұқағали мақатаев Сағым боп аққан сан жылдар өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сағым, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сағым боп аққан сан жылдар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке