алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Ахмет Байтұрсынов (Жұртыма)

 Ахмет Байтұрсынов (Жұртыма)

Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым,
Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.
Сияқты қара қарға шуылдаған
Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.
Білмейсің жөнің менен терісіңді,
Ел болып іс етпейсің келісімді.
Үміт қып бәйге атындай талай қосып,
Байқадық шабыс түгіл, желісіңді.
Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,
Шығасың қолыңа ала керісіңді.
Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде,
Көрдік қой жайылатын өрісіңді.
Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар,
Қайтейін өзге десе көнгішіңді.
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Пікір жазу

Пікірлер 10

  1. Оқырман Айым
    Оқырман Айым 21.01.2021 21:39
    16 + 12 -
    👍👍👍
    1. Оқырман Айлина
      Оқырман Айлина 26.10.2022 19:49
      3 + 4 -
      15
    2. Оқырман Айлина
      Оқырман Айлина 26.10.2022 19:50
      3 + 3 -
      15
  2. Райхан
    Райхан 20.01.2021 21:48
    10 + 7 -
    Ахмет Байтұрсынұлының бұл өлеңі бұл шығармашылығы өте керемет жазылған осындай әндер көп болса деп түлеймін
  3. Диана Даутканова
    8 + 8 -
    норм
    1. Райхан
      Райхан 20.01.2021 21:47
      14 + 8 -
      қазақ болсаң мен саған айтайын, қазақсыңба өз тіліңде сөйле сенің орыс тілінде сөйлегенің,ол өз тіліңді құрметтемегенің болып саналады қазақ атам былай деген екен осыны есіңе сақтап ал Анам берген туған тілім,
      Атам берген құрал тілім.Ана тілің алпыс тілге татиды.
      Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі. Тіл - достықтың алтын көпірі.
      Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.міне осылар есіңде болсын орыс тілінде емес ана тіліңді сыйласаң ана тіліңде сөйлей біл бұл менің саған айтар пікірім мені саған ақыл айтып жатыр деп ойлама жай айтып отырмын норм емес жақсы деп жаз
      1. Дауенова Тұрсынай
        5 + 3 -
        Мінікей нағыз ақындұрыс айтасыз! Айтып жү
        ргендері мәнгүр😡😡
        1. Дұрыс сенікі
          Дұрыс сенікі 27.11.2022 19:59
          0 + 0 -
          Жарайсың
      2. Оқырман Сержан
        Оқырман Сержан 13.10.2022 11:18
        2 + 1 -
        Өте дұрыс айтасыз, өз тілінде сөйлемесе қазақпын деп айтағаны жөн, ал егер өз ана тілінде сөйлеген адам өзін-өзі сыйлағаны, ал ана тілінде сөйлемесе, өзін*өзі қорлағаны, мәңгүрт болғаны.
    2. Райхан
      Райхан 20.01.2021 21:51
      7 + 8 -
      тағы қосарым сенің ана тіліңді орыс тілінде айтқаның демек ол сенің портриоттық сезімің жоқ екенін білдіреді мен өз елемнің партриотымын деп айта алуға тұрарлық болуың керексің егер ана тіліңді құрметтей білсең !


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы