Қазақша өлең: 1 Қазан - Қарттар күні » ZHARAR © 2017 | Қазақша өлең: 1 Қазан - Қарттар күні, қарттар туралы өлеңдер, қарттар туралы өлең, қарттар күні өлеңдер, день пожилого человека стихи на казахском, день пожилого человека стихи на казахском языке




  • »

Қазақша өлең: 1 Қазан - Қарттар күні

Қазақша өлең: 1 Қазан - Қарттар күні казакша Қазақша өлең: 1 Қазан - Қарттар күні на казахском языке

сөзі: Мұқағали Мақатаев
Әні: Қ. Құрманәлиев

Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,
Айтысың да басылмас, ылаңың да.
Араздасып ағайын кетер еді,
Бір қария болмаса бір ауылда.
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 28 317
Рейтинг:
(голосов: 85)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .