Ыбырай Алтынсарин (Өнер - білім бар жұрттар)

 Ыбырай Алтынсарин (Өнер - білім бар жұрттар)

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан салай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;

Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 10
  1. Мұхаметали
    Мұхаметали 13.11.2025 12:26
    2 + 1 -
    Өте күшті өлең жаттауға кеңес беремін
  2. м
    м 19.10.2025 19:55
    3 + 0 -
    керемет екен
  3. Оқырман Севара
    Оқырман Севара 23.01.2024 22:06
    4 + 3 -
    Я Севара
  4. Оқырман Аймира
    Оқырман Аймира 28.11.2022 22:55
    8 + 4 -
    Керемет өлең!!!
  5. Ақерке ?
    Ақерке ? 13.12.2021 20:21
    5 + 5 -
    Уууууу күшті
  6. Мерей
    Мерей 24.11.2020 11:33
    6 + 5 -
    Бірақ қиындау
    Нағыз қазақ халқының өлеңдер! ?
  7. Мерей
    Мерей 24.11.2020 11:32
    7 + 4 -
    Өте жақсы өлеңдер!
  8. Ербол Кемешов
    Ербол Кемешов 22.12.2015 15:18
    9 + 4 -
    Өте жақсы,бірақ қиындатып берілген
    1. Нүрдос
      Нүрдос 13.02.2024 19:26
      2 + 2 -
      Кооее
  9. Ербол Кемешов
    Ербол Кемешов 22.12.2015 15:17
    5 + 3 -
    ????