Кел, балалар, оқылық - Ыбырай Алтынсарин

Кел, балалар, оқылық - Ыбырай Алтынсарин

 Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.


Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен- күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер- білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Надандықтын белгісі -
Еш ақылға жарымас.


Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас...
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқу деген шыны - ды,
Тұрған сайын шыныққан...
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан...
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Әлпештеген ата - ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата - енең картайса -
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..


Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не ғылғанда ұнайды?
Шырағым абай болгай деп,
Ата - енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 10
  1. Оқырман
    Оқырман 23.02.2024 16:29
    0 + 0 -
    ❤️
  2. Азымхан айсултан
    0 + 1 -
    Ұзақ екен
  3. J_B_B
    J_B_B 24.11.2021 18:52
    12 + 4 -
    Thank yoy for YOUR HELP!
  4. Оқырман ...
    Оқырман ... 04.03.2021 17:18
    9 + 11 -
    !...............
  5. Жаншырай
    Жаншырай 17.02.2021 19:32
    13 + 8 -
    Жаксы
  6. Гука Тоқталы
    Гука Тоқталы 28.11.2015 10:00
    22 + 8 -
    Керемет Ы.Алтынсариннын олены сондай адемы уйкас пен жазылган ол оленнын маны бар! Атадан балага калган!
  7. Zarina Kabataeva
    Zarina Kabataeva 06.11.2015 19:54
    19 + 4 -
    Керемет!!!
  8. Шаким. Уалиева.
    Шаким. Уалиева. 06.09.2015 11:00
    13 + 2 -
    Керемет!...Бәрі дәл айтылған!...Мектепте қысқартылып берілген түрін,яғни кейбір шумақтарын жатқа айтқанмен,дәп қазіргідей жете түсіне алмайсың!... Өте жас болғандықтан...
  9. Мадина Амангельды
    9 + 6 -
    привет
  10. Kuanish Bakituli
    Kuanish Bakituli 13.01.2015 16:31
    8 + 4 -
    Осы өлең маған қатты ұнайды:)

Ілмектер: ыбырай алтынсарин кел балалар оқылық өлеңі, ыбырай алтынсарин кел балалар оқылық текст, стихи Ыбырай Алтынсарин на казахском языке, Ыбырай Алтынсарин Қазақша өлең, казакша олен Ыбырай Алтынсарин, Ыбырай Алтынсарин казакша олен, Ыбырай Алтынсарин өлеңдері, Ыбырай Алтынсарин олендери на казахском языке, кел балалар окылык ыбырай алтынсарин, Кел балалар оқылық стихи Ыбырай Алтынсарин на казахском языке, кел балалар окылык олен өлең, кел балалар окылык, олен, өлең, кел балалар окылык текст, кел балалар оқылық тақпақ