👈 қаріп өлшемі 👉

Мұхтар Шаханов (Еркектер жыры)

 Мұхтар Шаханов (Еркектер жыры)

Қалқам,
Мені сыйлайтының шын болса,
Мені жатқа қимайтының шын болса,
Маған өріс тілейтінің,
Маған жеңіс тілейтінің шын болса,
Мен сүрінген, мен қиналған кездерде
Жадап-жүдеп жүргенімді,
Мұңға батқан түндерімді,
Сездірме сен өзгеге.
Және өзің де айта көрме:
- Саған ауыр болды, - деп, -
Нала-мұңнан арқаң жауыр болды, - деп.
Өйтіп менің намысымнан аттама,
Жазғыр мейлің,
Табалай бер, көтерем
Мүсіркеушім бола көрме тек қана.
...Біздің тауда қанатына қаңғырған бір оқтиіп,
Ата қыран ұясында тартып жатты көп күйік.
Кей кездері ызадан жарылардай
Дөңбекшіді ол қорлыққа бағына алмай.
Бала қыран күндікке тауды кезіп,
Жем тасыды үяға жаны қалмай
Ата қыран перзентінің қамқорлығын құп алыды
Шүкіршілік етті іштей қуанып.
Ол ойлады: "Ұзақ қайғы бола қоймас бұл аса,
Құлантаза сауығамын, тағы екі-үш ай шыдасам".
Бірақ бір күн бала қыран оған былай тіл қатты:
"Баға жетпес асылымсың, ардағымсың, қымбатты.
Әбден қажып сорладың-ау, жүдедің-ау тым қатты.
Есіме алсам баяғы шат күндеріңді еңселі,
Жаным жылап аяп кетем, аяп кетем мен сені!"
- Тоқтат! - деді ата қыран қалш-қалш етіп
долданып, -
Бекер жатқан екенмін ғой, ұлым бар деп
малданып.
Көкірегін бір алапат ыза буып алды да,
Ұясының аузына әрең жүріп барды да,
Жан шошытар жалтыр құздан құлап өлді табанда.
Қалқам!
Ерлік даңқы қанат жайған мына ұлы заманда
Мүсіркеу сөз есітуден өлім жеңіл маған да!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы