» » » Өлең: Мұхтар Шаханов (Жомарт жүрек тағылымы)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жомарт жүрек тағылымы)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жомарт жүрек тағылымы) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Жомарт жүрек тағылымы) на казахском языке
Қазанын оттан түсірмей кеткен, жомарттық жеңген жүрегін,
Ақ көйлегімен туған, бақ көйлегімен туған азамат ердің бірі едің.
Сараңның бір жыл жейтұғын асын бір сәтте ғана таратып,
Тұрушы ең содан рахат тауып, көңліңнен әппақ таң атып.
Санадан өшпес тарих екен-ау өзіңмен өткен жылдарым,
Ертіп кеп едім үйіңе талай әлемнің жайсаң ұлдарын.
Сыр шерткен ұлы Ғабит ағаң да отырып таныс төріңде,
Орыстың алғыр Евтушенкосы да, моңғолдың ғарышкері де.
Жүруші ең дәйім бойыңа бойшыл, ойыңа ойшыл тең іздеп,
Қырғызы қайың бүр жарған кезде Бішкекке келдің мені іздеп.
Он күннен кейін жолығамыз дедің нар пейіліңмен еңселі,
Он күннен кейін, амалым қанша, табытта көрдім мен сені.
Жарты жолға кеп қарсы алушы едің бет бұра қалсам, Талғарға,
Көңлімнің мұңын көзімнен оқыр, сірә, енді сендей жан бар ма?
Өз ұлтын шексіз беріле сүйген, қаптатқан ойдан тасқын ән,
Қазақтың мен де сормандай ұлы кей-кезде жолы тас тұман...
Іздеумен өтем, аяулым, сені, жүрегі дарқан, дос қыран,
Сен де ылғи маған сәттілік тіле жеті қат жердің астынан!
* * *
Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын,
Төртеу — менің мұратым.
Төртеуінен алма-кезек нұр алам.
Біріншісі — туған елім — ұлы анам.
Екіншісі — ғазиз анам, саулығымды сұраған.
Бірақ маған екеуі де — бір адам.
Үшіншісі — намыс үшін беріспеген күндерім,
Жанған отты өшіруге келіспеген күндерім.
Жақсылыққа жақсылықпен өріс берген күндерім,
Тағдырымның жанарынан жеңіс көрген күндерім,
Сүрінгенді сүйеймін деп құлап қалған кездерім,
Өзім жылап, жан досымды жылатпаған кездерім.
Бәр-бәрісі, жомарттығым, адалдығым сондағы
Кеудеме кеп жиналды да, бақыт болып орнады.
Төртінші ме?
Төртіншісі — сәл тайқыса, болар мұң,
Маған деген адалдығы ол — мені сүйген адамның

Автор: nurgul95 | 173 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұхтар шаханов Жомарт жүрек тағылымы өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Жомарт жүрек тағылымы, мұхтар шаханов Жомарт жүрек тағылымы өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша мұхтар шаханов өлеңдері мухтар шаханов олендери мухтар шаханов стихи на казахском Жомарт жүрек тағылымы, Өлең: Мұхтар Шаханов (Жомарт жүрек тағылымы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке