Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ОЙЫҢДЫ АЙТ)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ОЙЫҢДЫ АЙТ) казакша Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ОЙЫҢДЫ АЙТ) на казахском языке

Алаңдайды , ауырлайды тұл бойым ,
Сағынышпен күткендеймін жыл тойын .
Шаршамастан жыр бұлағын іздейін
Нұрға бөлеп туған жердің қыр – ойын .

Таң алдында гүлді орап сәулеге ,
Бұлбұл үнін сайратамын кеудеге .
Алауратып алыс ұшқан тырналар
Ақша бұлтқа себеп болды теңеуге.

Құлақ тостым қанатына тырнаның ,
Сол бір сәтте әсем әнді тыңдадым .
Нөсер төгіп өтсе уақыт , тыныштық
Шабытымды жыр жолына арнадым .

Ыдыратамын тұрсадағы бұлт төніп ,
Өкінбеймін жырға кетсем өртеніп .
Нашар өлең ойдан аулақ кетіңіз
Қоқыс қалған , көбік ауыз секілденіп .

Өлең – қиял арман болған сүгіреттей ,
Ақ қағазға бейне берсін тырпетпей .
Көз моншағын жуғызайын жаңбырға
Пәк көңілден өсер мекен жыр көктей .

Тілдесемін өміріммен осылай ,
Түн ауғанша ешкімдерге қосылмай .
Ұйқасымен жыр сандығын ашқанда
Ойыңды айт көпшіліктен жасырмай !




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, серікбай маханов ОЙЫҢДЫ АЙТ өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, ОЙЫҢДЫ АЙТ, серікбай маханов ОЙЫҢДЫ АЙТ өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, ОЙЫҢДЫ АЙТ, Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ОЙЫҢДЫ АЙТ), Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ОЙЫҢДЫ АЙТ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке