Қажытай Серікжан (Сағыну)

 Қажытай Серікжан (Сағыну)

Әу басында саған ғашық еткен мені,
өз жүрегім,
өз кеудем.
Бақсы тағдыр кектенгенде,
қоспайтынын сезгем мен.
 
Әу басында мені саған ынтық қылған,
сенің көзің,
сөзің,
тіпті иісің жұпарлау.
қосылмадым,
содан болар,
есім ауып,
баққа кеттім мекендейтін құтандар.
 
Әу басында маған сені іздеткізген,
қолаң шашың,
қой көзің,
тағы біреу,
Жанкештілеу көзқарас.
Кім біледі , содан кейін,
Көктем келсе мына дүние,
Меніменен Мәжнүніндей қозғалад.
 
Әу басында саған ғашық қылған мені,
Хауа ананың тамшысындай әрің мен,
күн нұрындай дидарың.
содан шығар,
сенен безіп кетпек түгіл,
ойламауға қимадым.
 
 
Ойламауға тіпті ,тіпті ,болмайды екен,
Сүйе алмауға тіпті болмас шынарым.
Негізінде сені сүйіп қалғаныма мен емес,
Әу басында кінәлі...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады