Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында) » ZHARAR © 2017 | стихи абая кунанбаева на казахском языке , Қазақша өлең: Абай Құнанбаев , казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать , абай құнанбаев өлеңдері скачать,абай құнанбаев өлеңдері ,




  • »

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында) на казахском языке

Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында,
Хан да жанын қыяды қыз жолында.
Алтынкүміс кигені, қамқа, торғын,
Күтуші қыз келіншек жүр соңында.
Деген сөз: « Бұқа буға, азбан дуға»,
Хан қарық боп түсіп жүр айғай шуға.
Етімді шал сыйпаған құрт жесін деп,
Жартастан қыз құлапты терең суға.
Сән салтанат жұбантпас жас жүректі,
Кім де болса тұрғысын көксемек ті.
Мезгілі өткен дәуренді қуалаған,
Не қылсын бір қартайған өу сүйекті.
Кәрі, жас дәурені өзге тату емес,
Епке көнер ет жүрек сату емес.
Кімде кім үлкен болса екі мүшел,
Мал беріп алғанменен сатын емес.
Есерлер жас қатынды тұтады екен,
Жас қайғысын білдірмей жұтады екен.
Ортасында бұлардың махаббат жок,
Тұсап қойған қашырар бұқа ма екен?
Бай қартайса, малына берер шылбыр,
Мал өмірді жанғыртпас, құдай ұрғыр.
Біреудің қызын алып малға сатып,
Баяғыны іздеген қандай құрғыр?
Қатыным қалай демес ақсақал бай,
Сонымен дос боп жүрсің,япырым ай!
Қу қатынның майысса, мәз боласың,
Шайтанның шәкіртінің қылығын ай!
Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең,
Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең.
Тіпті оңбассың, өзіңе өзің мәз боп,
Дастарқан мен қатынды мақтан көрсең.
Кінәсіз бәйбішемен болады араз,
Жастың көңілі жылымас, ол өзіне аз.
Біреуі көк балдырған, бірі қурай,
Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз?
Үнем болмас құйрықты бұлаңдатқан,
Сауырына шапақтап, сүіп жатқан.
Екі көңіл арасы жылшылық жер,
Оны қайтып қосады ол ант атқан?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 8 094
Рейтинг:
(голосов: 16)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .