Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Бақұл болсын қарттарым) » ZHARAR © 2017 | ерлан ахмет Бақұл болсын қарттарым өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, қарттар күні өлеңдер, карттар кунине такпактар, карттар туралы олендер




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Бақұл болсын қарттарым)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Бақұл болсын қарттарым) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Бақұл болсын қарттарым) на казахском языке

Сиреп қалды,
аз еді өзі қатары
даналардың дуалы ауыз, баталы.
Шаңырақтың түзу ұшар түтіні –
қариялармен берекелі отауы.

Ақыл көзін табатұғын кенші еді,
сабыр, төзім алатұғын енші еді.
Тереңінен төл тарихтың сыр шертер
тұңғиық ол шеткіз, шексіз өлшемі.

Біреу ерте,
енді біреу кеш барар,
бұл жөнінде жетпейді ғой еш хабар.
Бақұл болсын, аруақтар, соңында
ұрпақтары қалып барад еске алар...

Ел-жұрты бар еміреніп еске алар...

***

Я, Аллам!
Барлығыңа күмәнданар
пенделер – адасқандар тұманда олар.
Хақ сөзің қасиетті Құранда бар,
жүрекке жұдырықтай тұмар болар.

Я, Раббым!
Сенбейтіндер бірлігіңе
тәуелді теперішті тірлігіне.
Сүреңнен жан азығын тауып келем,
аятпен жалғағанда күнді-күнге.

Жараттың төрткүл дүние тамашасын,
әйлеңкес әзәзілден арашасың.
Мейірлі,
рахымдысың құлдарыңа
күнәдан арылуды қаласа шын.


Иншаллаһ!
Таңы да атар ғаділеттің,
шындықты бір Өзіңнен танып өттім.
Алдыңда Қиямет күн есеп болар
иманым инауатқа кәміл еткін!

***

Бар мен жоғы базардың беймәлім боп,
күн оздырған опасыз ойларым көп.
Қызығына балдәурен тойғамын жоқ,
балаша бір тұрады ойнағым кеп.

Ерте татып дәм-тұзын бозбала күн,
балалықтың әуенін қозғамадым.
Боз ала таң атырып, боздап өстім
бозінгені сияқты боз даланың.

Салам десе талқыға тағдыр тағы,
көңіліңді дервиштей қаңғыртады.
Берем десе Жаратқан бақ дарытып,
босағаңа береке қондыртады.

Аттатпасын наданның босағасын,
алдыртпасын арамның садағасын.
Бір Алладан тілерім – бұ дүниеде,
өзі берген бұйыртсын нәпақасын.

***

Жас ғұмыр – ұлы үміт
қыршыннан қиылып.
Толастар емес-ау,
көзден жас тиылып.

Зулаған Уақыттың
сағатын сарқыттың.
Дәмін де татпадың
бал-шырын Бақыттың.

Асқақ ед арман көп,
бүние бұл жалған боп.
Сәбиін көтеріп,
сауық та салған жоқ.

Ақылға жүгініп,
санаға үңіліп,
Кетер ед еліне
еңбегін сіңіріп.

Рух биік қонсын тек,
ұрпағы өнсін бек.
Тілейміз мекені
жәннаттан болсын деп!

***

Жұлдыз ағып барады,
құлатты екен кім оны?!
Маған тіккен жанары
таққандай кіл кінәні.

Көкпен егіз екенмін,
кіндігім де жалғанған.
Ағып бір күн өтермін,
мен де осы жалғаннан.

***

Күн шықпаса ұядан таң бола ма,
рауан құшып, адамзат таңдана ма?!
Тірісінде қадірін білмегенде,
сарай соқса өлгенде хан бола ма?!

Тірісінде сый ету – міндетіміз,
Қасиетін кеш білу – індетіміз.
Қандай болсын жақынды жат тұтпайық,
Ол дегенің – Аллаға құрметіміз!



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 199
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, ерлан ахмет Бақұл болсын қарттарым өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Бақұл болсын қарттарым, Қазақша өлең: 1 Қазан - Қарттар күні, қарттар туралы өлеңдер, қарттар туралы өлең, қарттар күні өлеңдер, день пожилого человека стихи на казахском, день пожилого человека стихи на казахском языке, карттар кунине такпактар, карттар туралы олендер, Қазақша өлең: 1 Қазан - Қарттар күні, қарттар туралы өлеңдер, қарттар туралы өлең, қарттар күні өлеңдер, день пожилого человека стихи на казахском, день пожилого человека стихи на казахском языке, Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Бақұл болсын қарттарым) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .