👈 қаріп өлшемі 👉

Ерлан Ахмет (Мұқағалиға арнау)

 Ерлан Ахмет (Мұқағалиға арнау)

Алай-дүлей сезімің аласұрды,
арнасынан тасытып бар асылды.
Алатаудай көретін жанашырды
ақиығым, жаралған дара сырлы.

Мінезіңді тоқтатып, тыймақ па адам,
мазасыз ой есіңді жинатпаған?!
Мұңдарымды музама жиі ақтарам,
мен өзіңмен тағдырлас сияқтанам.

Өкінішің өртеді өзегіңді,
өзге сезбес бәріне төзеріңді.
Өксік толы кеудеңді тік көтеріп,
өлеңменен жұбаттың өз-өзіңді.

Жыл-керуен ілгері көшіп жатыр,
жырыңды оқып ұрпағың өсіп жатыр.
Жарандарың тойлатып туған күнің,
жылнамаға ұмытпай қосып жатыр...


***

Аударылса алалдықтың қазаны,
ағылжымдай ақтарылар арымыз.
Ақиқаттың шақырылмай азаны
абұйырға жармақ болар жанымыз.

Кері кеткен адағайлы дәуірдің
кесапаты – рухымыздың сырқаты.
Кердеңдеткен үстіменен ауырдың
бұлың өмір – белсымақтар тұрпаты.

Алажауыл реңі сіңген уақыттың
ақ пен қара арпалысы – құмары.
Ажырамай жігі Сор мен Бақыттың,
әділдіктің шіріп жатты шынары.

Керешісі кері кеткен себепті –
көкірек көзден қан аралас тамды жас.
Кенезесі кепкен елге керек-ті
қанатымен су себетін қарлығаш.

Дендеп енген дерттің сыны жоғалды,
алты алашым тоғыстырып жүрегін.
Меңдемесін індет келіп қоғамды,
сонда ақынын тағы іздейді, бұл елім!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы