Қазақша өлең: Омар Шораяқұлы (Шайырлардың сомасы) » ZHARAR © 2016 | омар шораяқұлы Шайырлардың сомасы шораяқов өлең стихи на казахском омар шораякулы казакша олен, омар шораяқұлы шораяқов өлеңдері, стихи на казахском языке омар шораякулы, омар шораякулы олендери, Шайырлардың сомасы




  • »

Қазақша өлең: Омар Шораяқұлы (Шайырлардың сомасы)

Қазақша өлең: Омар Шораяқұлы (Шайырлардың сомасы) казакша Қазақша өлең: Омар Шораяқұлы (Шайырлардың сомасы) на казахском языке

«Баһадүр» деп білмеңіз-
Жиынды бұзған тентекті.
Кезеніп атар оқ емес,
«Қару» деп білме келтекті.
Жолдастыққа санама,
Жайбар ауыз көнтекті.
Арабы нардың белгісі-
Бұйдасын ірікпес, елпек-ті.
Жүгімен жүріп жүдетер,
Айыр өркеш көмпекті.
Фрғымақ аттың белгісі-
Салыңқы кеуде, еңкек-ті.
Талма тал түс болғанда-
Кигізер көзге телпекті.
Үмбетінен бідерсің,
Әйел менен еркекті.
Ата досқа санама,
Алды-артында болжал жоқ,
Жаңадан болған селтекті.
Шайырлардың сомасы-
Хикая, толғау, ертек-ті.
Халық ықыласын қайтарсам,
«Болам ба, -деймін, -нан тепті?»
Сөз тауарын білетін,
Ерлер басы келіпті,
Тербеліп жорғаң тер төкті!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 35
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .