Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?



Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok-ты бұғаттау мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады.


Балаеваның сөзінше, мұның барлығы заңсыздық пен құқықбұзушылықтың қаншалықты шектен шығып, етек алуына байланысты.


«Атап айтқанда, TikTok. Министр ретінде айтарым, менің ойымша әлеуметтік желіні бұғаттау мәселесін қарастыру керек. Балалар да, біз де қандай балағат сөздердің айтылып жатқанын көріп отырмыз. Тіпті көріпкелдер бал ашып отырады. Біз барлық мәселені жан-жақты қарастыруымыз керек. Кез келген мемлекеттік орган қандай да бір дерекке сілтеме жасай отырып, шешім қабылдамайды. Жан-жақты қарастырады, зерделейді, сосын бірқатар шаралар қолданады», – деді министр.


Жақында ғана көршілес Қырғыз елі бұл желіні жабу туралы шешім қабылдаған болатын. Расымен көбісі бос уақыт өткізіп, болмайтын видеолар мен эфирлерді қарап отырады. Ал сіз елімізде ТикТок бұғатталғанын қалайсыз ба?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу