2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото)

2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының, зекет пен підияның мөлшері анықталды.


Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.


ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Төралқа мәжілісінде тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтай отырып қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы аймақтарда мешіт ауласында өткізу, Рамазан айында Құран хатым жасайтын топтар құрып, жамағатты сауапты істерге жұмылдыру жағына басымдық беру туралы айтты. Сондай-ақ Батыржан Мансұров қасиетті айда онлайн және тікелей эфирде бірнеше жоба ұсынылатынын жеткізді.


Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов ай бойы «Рамазан – ұлық ай» атымен тікелей эфир ұйымдастыру, әлеуметтік желілерде орталық мешіт парақшаларында облысқа танымал тұлғалармен «Рамазан – он екі айдың сұлтаны» атты күнделікті онлайн сұхбаттар өткізу, «Берекелі Рамазан» деген атпен апталық марафон болатынын айтты. «Халық арна телеарнасынан тікелей эфирде Рамазанға қатысты жобалар көрерменге жол тартпақ» деді Марат Дәлелханұлы.


 

 

 

 

муфтият кз

 


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Қадір түні қашан болады және оны қалай өткізу керек?
» 1 наурыздан бастап «жасыл аймақтағы» барлық мешітте жұма намазы оқылады
» Бас мүфти 10 сәуір күні жұма намаз уақытында жаппай дұға жасауға шақырды
» Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
» Қазақстандықтардың орташа жалақысы 112 792 теңгені құрады
» ​​🗣Қазақстанда парақорлар жайлы хабар бергендерге 11 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек.🤑
» Қазақстан ерлі-зайыптылар ең көп ажырасатын дүниежүзіндегі 10 елдің қатарына кірді

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Игрок 1xBet выиграл более 2 миллионов долларов на экспрессе из 44 событий 15.04.2021, 0
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы