Бүгінгінің батырына бір бума хат


Бүгінгінің батырына бір бума хат
Елімізде маусым айының үшінші жексенбесінде дәстүрлі түрде медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұл мереке бар ғұмырын халықтың саулығы жолына арнаған абзал жандардың еңбегі еленетін күн.
Дегенмен антына адал, сертіне берік жандар үшін биылғы мерекенің орны мен жөні де бөлек болғалы тұр. Себебі бүгінде әлем дүниенің төрт бұрышын түгел шарпыған мезгілсіз дертпен күресуде. Бұл ретте, қауіпті вируспен күнделікті бетпе - бет келіп, аяғынан тік тұрып, тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп жүрген дәрігерлердің қайсарлығы – ерлікке пара - пар.

Осынау айтулы мереке қарсаңында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» оқушылары дәруі дертке дауа дәрігерлерге риясыз алғыстарын білдіріп, ерекше құттықтауды ұйғарды. Бір топ зияткер қолдарына қалам алып, бүгінгінің батырларына арнаған ақжарма тілектері мен жүрекжарды лебіздерін қағаз бетіне түсірді.
Сөз басын «Egemen Qazaqstan» газетінің ардагері, айтулы ақын Қорғанбек Аманжолдың дәрігерлердің өлшеусіз еңбегін бағалауға шақырған өлеңімен бастаған оқушылар одан әрі толғанысты ойларымен өрбітті.
- Біз ең ардақты мамандық иелері дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс айтудан жалықпаймыз. Адамзаттың амандығы жолында ұйқы көрмей, уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген бүгінгі күннің батырлары – медицина қызметкерлері барлық құрметке лайық деп білеміз. Олар бірнеше айдан бері отбасыларынан жырақта жүріп, қауіпті дертті ауыздықтауға бар күштерін салуда. Абзал жандарға демеу болсын, әрі көңіл - күй сыйласын деген мақсатта бір бума хаттарымызды жолдағалы отырмыз», - дейді оқушылар.
Естеріңізге сала кетсек, зияткерлер наурыз айынан бері дәрігерлерді қолдау және тұрғындарды қауіпті дерттің алдын алуға шақыру мақсатында әлемдік науқандарға қатысып, отандық #Bizbirgemiz, #Үйдебол, #Дәрігерлергеалғыс, #Вирусқажоқде, #Handwash, #Бізмықтымыз челленждеріне үлес қосты. Сондай - ақ, оқушылар «Сіз біз үшін жұмыста қалдыңыз, біз Сіз үшін үйде боламыз» флешмобын жалғастырды.
Сандуғаш Асанқызы Кожина,
"Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп" "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу