Қашықтан оқыту форматын әдістемелік қолдау бойынша вебинарларды Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Талап» ұйымдастырды


Қашықтан оқыту форматын әдістемелік қолдау бойынша вебинарларды Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Талап» ұйымдастырды
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Талап» қолданбалы зерттеулер Орталығымен бірлесіп ұйымдастырған вебинарлар қашықтан оқытуды әдістемелік қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналды.
Химия, биология, физика пәндерінің мұғалімдері білім беру бағдарламалары Орталығы дайындаған қашықтан оқыту жағдайында жаратылыстану циклы пәндері бойынша практикалық жүзеге асыру бойынша вебинарға қатысты. Жаңа форматтың ерекшеліктеріне сараптама жасалынды – виртуалды зертханаларды қолдану, видео эксперименттер, оқушылардың өздігінен тәжірибе жүргізуі, сонымен қатар тапсырмаларды орындау арқылы тәжірибе туралы түсіндіру. Шеберлік сабақтарында тәжірибелік жұмыстарды жобалауға, оның ішінде мәліметтерді өңдеуге, өзгерістерді анықтауға, эксперимент нәтижелері бойынша жұмыс парақтарын толтыруға және зерттеу есептерін өңдеуге ерекше назар аударылды.
Педагогикалық өлшемдер орталығының қызметкерлері дайындаған қашықтан білім берудегі жиынтық бағалауды ұйымдастыруға арналған вебинар үлкен қызығушылық тудырды. Оқытушылар бағалау процедураларын ұйымдастыру, оның ішінде нормативті құжаттармен жұмыс істеу, жоспарлау, мақсат қою және жиынтық бағалаудың техникалық құралдарын таңдау туралы білімдерін кеңейтті. Microsoft Teams, Forms, Edmodo платформаларының мысалында тапсырмаларды, бағалау критерийлерін, дескрипторларды, скоринг сызбаларын, сондай - ақ оларды техникалық құралдар арқылы іске асырудың нақты мысалдары мен ұсынымдар келтірілді.
Интерактивті форматта өткен барлық вебинарға 15 мыңнан астам жалпы білім беретін мектептердің мұғалімі қатысты, оларға арнайы оқу құралдарының жиынтығы дайындалды (презентациялар, тапсырмалар, зертханалық және практикалық жұмыстар бойынша ұсыныстар, виртуалды зертханаларға сілтемелер, видеолар).


Источник: bilimdiler.kz
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий