Құрбан Айт-2017: мұсылман мейрамы қашан және қайда тойланады?

Құрбан Айт-2017: мұсылман мейрамы қашан және қайда тойланады? казакша Құрбан Айт-2017: мұсылман мейрамы қашан және қайда тойланады? на казахском языке

Мейрамдардың сұлтаны Құрбан айт — барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. Ол Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері құрбандық шалынады. Бұл мұсылмандардың бес парызының бірі.

Биыл әлем мұсылмандары бұл күнді 1 қыркүйек күні тойлайды. Қазақстанда бұл күн мемлекеттік демалыс болып саналады.

Құрбан Айт мейрамының пайда болу тарихы қасиетті Құран кітабында жазылған және ол Ибрахим пайғамбардың өмірімен байланыстырылады.

Күндердің күнінде Ибрахим пайғамбарға өзінің туған ұлы Исмаилды Алла үшін құрбан ету туралы аян беріледі. Құранға сәйкес, пайғамбар көрген түс шындық болып саналады және оған күмән келтіруге болмайды. Алланың бұйрығына қарсы шыға алмаған Ибрахим жалғыз ұлын алып, бүгінде Мекке қаласы орналасқан сол кездегі Мина аңғарына аттанады. Ибрахим пышағын кезей бергенде көктен періште түсіп, оны тоқтатады.

Аңыз бойынша, Жаратқанның бұйрығы пайғамбар үшін сынақ болып табылады. Пайғамбардың ниетіне жауап ретінде Алла Тағала жұмақтан құрбандыққа шалу үшін қой малын түсіреді.

Құрбан шалу мейрамы Жаратқанға құлшылық етудің белгісі болып табылады. Мұсылман қауымы Аллаға ет немесе қан емес, құлдарының тақуалық етуі маңызды деп санайды.

Құрбан Айтта құрбан шалу Ақырет күнінде мұсылманның жанын сақтап, Жұмаққа жол ашады деген сенім бар. Жалпы бұл мереке мұсылманның Аллаға толықтай бағыныштылығын білдіреді.

Құрбандық шалу барысында әр мұсылман ниет етіп, істі Алланың атымен бастауы керек. Алла жақындарымды ала көрмесін деп құрбан шалатын мұсылмандар да көп.

Ислам күнтізбесі бойынша оныншы ай мұсылмандар үшін қасиетті ай саналады. Бұл айдың алғашқы он күндігінде мұсылмандар бар ынта-ниетімен Аллаға құлшылық жасайды. Айдың тоғызыншы күні – Арафаның ислам дінін ұстанатындар үшін орны ерекше.

Құрбан айт мерекесі (Зилхиж-жаның 10-ыншы күні) таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазын оқудан басталады. Мұсылманның намазды мешітте оқуға мүмкіндігі болмаса, ол құлшылықты өз үйінде жасай алады. Аллаға құлшылық жасап, имам уағызын тыңдаған соң мұсылмандар өмірден өткен адамдарға Құран бағыштау үшін зейіт басына барады.

Бұл айтулы мерекенің ең маңызды амалы – құрбандық шалу. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Бұл күні мұсылман жамағатын, тіпті ислам дінін ұстанбайтын адамдарды етпен тамақтандырған сауапты іске жатады.

Айттың бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Әйелдер қауымы Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіріп, дастарқан мәзірін дайындайды.

Айттың екінші күні мұсылмандар көбінесе қойдың басы мен аяғынан жасалған сорпа әзірлейді. Жалпы құрбандыққа шалынған малды мейрам барысында жеп қою керек деген қағида бар.

Құрбан айтта әр адам өзінің отбасына көбірек көңіл бөліп, мүмкіндігінше мұқтаж жандарға көмектесуі тиіс.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, когда курбан айт в 2017 году в казахстане, когда отмечают курбан айт в 2017 году, когда будет курбан айт в 2017 году в казахстане, как отмечают курбан айт в казахстане, курбан айт 2017 какого числа, курбан айт когда 2017, құрбан-айт-қашан, құрбан айт 2017 жылы қашан қай күні болады, курбан айт 2017 казахстан, курбан айт кашан басталады 2017, курбан айт 2017 в казахстане, курбан айт 2017 кашан болады, когда курбан айт в 2017 году в казахстане, когда отмечают курбан айт в 2017 году, когда будет курбан айт в 2017 году в казахстане, как отмечают курбан айт в казахстане, курбан айт 2017 какого числа, курбан айт когда 2017, құрбан-айт-қашан, құрбан айт 201, Құрбан Айт-2017: мұсылман мейрамы қашан және қайда тойланады?, Құрбан Айт-2017: мұсылман мейрамы қашан және қайда тойланады?