![]() |
|
![]() |
Құрбан айт қашан болады 2022

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы жариялаған кестеге сәйкес 2022 жылы Құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығында жалғасады.
Құрбан айт ораза айттан соң 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады.
Мұсылман бауырлар бұл күні тазаланып, дәретін алып, хош иіс себініп, мешітке асығады. Мешітте Айт намазы оқылады.
Құрбан айтта көпшілік дәмдісін әзірлеп, дастархан жаяды. Бір-бірінің үйінде қонақ болып, астан ауыз тиеді. Бір-бірін мұсылман мерекесімен құттықтайды. Әрбір үйде Құран оқылады. Өмірден өткен ата-бабаларына Құран бағыштайды. Ренжіскен жандар болса, кешірім сұрасып, өкпе-ренішін ұмытады.
Құрбан айтта көп болып жиналып, дастархандас болып, мерекелеудің еш әбестігі жоқ. Алайда дінге қайшы әрекеттерге бармау керек.
Құрбан айтта орындалатын сауапты амалдардың бірі - Құрбан шалу. Бұл амал Ибраһим пайғамбардан қалған. Мұсылмандар құрбан малын сойып, мұқтаж жандарға таратады. Құрбан малын таңдаудың өз әдептері бар.
Шамасы келген мұсылман жұрты осы қасиетті күні қасиетті Меккеге аттанады. Алла алдындағы тағы бір парызын өтейді.
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022