Қазақтың модель қызы іш киімді жарнамалағаны үшін ұялмайтынын айтты

Қазақтың модель қызы іш киімді жарнамалағаны үшін ұялмайтынын айтты

Былтыр іш киімді жарнамалап, ел алдына жартылай жалаңаш күйінде шыққан қазақ моделі Қорлан Мәди елдің сынына ұшыраған еді. Оны көпшілік сөгіп, қазақ қызының мұндай жарнамаға түсуі ұят дегенді айтқан болатын. Қорлан ikerim.kz сайтында бұған қатысты пікір білдіріп, жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.


"Өткен жылы сіздің іш киімді жарнамалағаныңыздан кейін шу болып кеткенін білесіз. Ол туралы да көп жере айттыңыз… Қазақ қызының тәрбиесі, менталитеті, діні… деген сияқты дүниелер бар. Сіздің осы тұрғыда ойыңыз қандай?", - деген тілші сұрағына Қорлан былайша жауап берген:
"Иә, мен ол туралы көп айттым. Халқымыздың ол фотосуреттерге осындай реакция беруі мен үшін өте өкінішті… Бұлай болады деп күткен жоқпын.

Өйткені модельдің жұмысы жаңа өзіңіз де көргеніңіздей, қыздар бодидің үстінен шуба киіп подиумға шығып жатуы мүмкін. Онда тұрған ештеңе жоқ, өйткені ол біздің жұмысымыз. Маған пальто немесе шомылу киімін кисем де бәрі-бір, ешқандай айырмашылық жоқ. Сондықтан негативті пікір білдіргендері өкінішті болды… бір жағынан қараңызшы, бұл-дискриминация. «Қазақтың қызы ештеңе істеуіне болмайды» деп қай жерде жазып қойыпты?!
Біз барлығымыз тәуелсіз адамдармыз, демократиялық республикада өмір сүріп жатқан әрбір адамның өз құқығы бар. Ол жерде ұлтқа қарамай, өзіңе не ұнайды, қай істе жетістікке жете алатыныңа сенімді болсаң, соны істей беруге болады", - деді ол.
Сонымен бірге ол бұл турлы ата-анасының да не ойлайтынын айтып берді. Оның айтуынша, ата-анасы қызының жеткен жетістіктеріне қуанады.
"Менің ата анам менімен мақтанады және үнемі қолдау көрсетеді. Бұл тұрғыдан мен өзімді бақытты адаммын деп есептеймін. Себебі олар заманауи адамдар және менің қызығушылықтарыма, әрекеттеріме, еңбегіме құрметпен қарайды. Олар менің көп жұмыс істейтінімді біледі", - деді ол.
Ол өзінің атқарып жатқан қыруар жұмысына тоқтала келе, "осындай жұмыстардың қасында іш киімнің жарнамасы үшін сынағаны ақымақтық сияқты", - деп пікір білдірді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады