Мақта қыз бен мысық Ыбырай Алтынсарин

 Мақта қыз бен мысық Ыбырай Алтынсарин

Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Қөркем әдебиет.
Тақырыбы: "Мақта қыз бен мысық" Ыбырай Алтынсарин.
Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту, қызығушылықтарын арттыру.
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Балаларды ертегінің басты кейіпкерлерімен таныстыра отырып, ертегінің мазмұнын дұрыс тыңдауға мәнісін түсініп айта білуге үйрету.
Ертегідегі кейіпкерлердің рет - ретімен шатастырмай айтуға үйрету.
Ертегіні тыңдауларына, зейін қоюларына үлкен мән беру.
Әр кейіпкерлердің мінез - құлығын толық жеткізе білулеріне яғни интонация мен мимика арқылы үйрету.
Көрнекіліктер: слайд, үнтаспа, кейіпкерлер суреттері.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, оқу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық сәт:
Ерте, ерте, ерте де,
Ешкі жүні бөртеде...
«Ертегі» деген ханым бопты
Балаларды жақсы көріпті,
Сиқырлы ертегілері көп бопты,
Қане соны тыңдайық,
Ақылын тоқып алайық.

Негізгі кезең:
- Балалар, осы аналарымыз үй жинағанда менің ақылды оқушыларым сүйікті аналарына көмектеседі деп ойлаймын? Солай ма?
- Тамаша, олай болса бүгінгі ертегімізді біздің қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсарин атамыздың сіздерге, кішкентай достарына арнаған ертегісін тыңдайық:«Мақта қыз бен мысық».
Слайд арқылы ертегіні көрсету, дауысын өзгертіп отырып айтуды ұмытпау.
*1 бет
Ертеде бір Мақта қыз болыпты. Мақта қыздың жақсы көретін мысығы болған екен, бір күні Мақта қыз үйді жинап жатып бір мейіз тауып алады. Бөлісіп жемек болып Мақта қыз мысығын шақырады:
- Мысығым, мысығым! Ау, мысығым, мысығым! – деп.
Мысық күннің көзінде маужырап уйықтап жатқан түрі Мақта қызға баруға ерінеді. Мақта қыз мысығын шақырғанға келмеген соң, мейізді өзі жеп қояды. Біраз уақыт өткен соң ұйқысы қанған мысық Мақта қызға келеді.
*2 бет
Ия, Мақта қыз, мені неге шақырдың? – дейді.
Мақта қыз:
- Шақырғанда келмегенсің, енді айтпаймын! – дейді
Мысық:
Айтпасаң, мен сенің қатығыңды төгіп тастаймын! – дейді
Мақта қыз:
Ал мен сенің құйрығыңды жұлып аламын! – дейді.
Сонымен мысық қатықты төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады.
*3 бет
Біраз уақыт өткен соң мысық мақта қызға келіп құйрығын сұрайды.
Мақта қыз:
- Менің қатығымды төле! – дейді.
Мысық сиырға барады:
- Сиыр, сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
- Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
*4 бет
Мысық ағашқа барып:
- Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
- Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, - дейді.
*5 бет
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:
Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.
Қыздар оған:
- Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.
*6 бет
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:
Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.
Қыздар оған:
- Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.
*7 бет
Мысық дүкенге барады:
- Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші!- дейді
Дүкенші:
- Маған жұмыртқа бер, - дейді.
*8 бет
Мысық тауыққа барады:
- Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді
Тауықтар:
- Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, - дейді.
*9 бет
Мысық: “Енді не қыламын!” деп бара жатса, ін қазып жатқан бір тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады:
- Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар, - дейді.
- Тышқан қорыққаны соншалықты:
- - Үйімде бір табақ тары бар, - дейді.
Мысық:
- Маған бір уыс тары бер, - дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.
*10 бет
Мысық тарыны апарып тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді. Жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді. Сағызды апарып қыздарға береді. Қыздар су береді. Суды апарып ағашқа береді. Ағаш жапырақ береді. Жапырақты сиырға береді. Сиыр қатық береді. Қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді
*11 бет
Тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Ұйымдастырушылық – ізденушілік:
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Не туралы ертегі?
- Басты кейіпкері кім деп ойлайсыздар?
- Не себептен Мақта қыз мысығының құйрығын жұлып алды?
- Ал сендер Мақта қыздың орнында болсаңыздар қандай әрекет жасар едіңіздер?
- Мысық қатықты Мақта қызға қайтару үшін қандай іс - әрекетке барды?
- Кім - кімдерге барды рет - ретімен атайықшы?
- Қалай ойлайсыздар, мысық істеген ісіне өкінді ма?
Мақта қызға мысық құйрығын берген соң ең соңында не деу керек еді деп ойлайсыздар?
- Әрине, кешірім сұрауды ұмытып кетті деп ойлаймын.
- Ал енді балалар, осы ертегіні жалғастыруға болар ма еді? Қалай?
Мысалы:
«Мысық Мақта қызға қатығын қайтарып берген соң, кешірім сұрады, істеген ісіне ұялып, келешекте ондай жаман қылық жасамауға уәде береді. Қуанған Мақта қыз мысығын қатты құшақтап алып шын жүректен кешіргенін айтады. Содан кейін мысық та еңбекті бағалай екендігін түсінді және де екеуі сонан бері ешқашан ренжіспепті деседі»
Яғни осы ертегіден түйіп алатын ақыл ол:
Адам еңбегін әрқашанда бағалай білу керектігін, барлық жақсы нәтиже, жемісің еңбектің арқасында келетіні туралы айтылған деп айтуға болады, ия балалар?
Жәнеде әрқашанда кешірімді болу керек, бір - біріне түсінушілікпен қарау керектігін үйренуге болады деп түйіндеуге болады.

Қорытынды:
- Балалар ертегі ұнады ма?
- Осы ертегінің ұнаған кейіпкерін үйде суреттеп келесіңдер.
Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар. Рахмет!
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Балалар ертегінің басты кейіпкерлерімен танысты, ертегінің мазмұнын дұрыс тыңдауға мәнісін түсініп айта білуге үйренді.

Нені меңгерді: Кейіпкердің бейнесін интонация арқылы көрсете отырып, айтып меңгерді. Баланың бойындағы адамгершілік, жауапкершілік, имандылық қасиеттері ашылды. Мейірімділік сөзінің мәнін түсінді. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі