Жемістер мен көкөністер

 Жемістер мен көкөністер

Ұйымдастыру оқу іс - әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Күз сыйы» Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, орамжапырақ, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт, жүзім, банан, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту. Көкөністер мен жемістерді ажыратуға, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. Зерттеу жүргізу, іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығына тәрбиелеу. Адам еңбегін бағалауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жұмбақ ән ойын, Бау - бақша, көкөністер (қияр, қызанақ, аскөк, көк пияз) мен жемістер (алма, мандарин, банан) Азығын тап ойын

Қажетті құралдар: Слайд, Таратылым сурет
Әдіс тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық
Педагогтың іс – әрекеті

Жылулық шеңбер
Кәне балалар қолымызды жоғары көтеріп, шаттық шеңберін құрайық

Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін
Кешегідей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін
Күлімде, күн, күлімде,
Жайнай түсті күнім де
Жарқыраған жұлдыздай,
Жарқ - жұрқ еткен түнімде
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
- Күз мезгілі бізге қандай сыйымен келді?
- Балалар ойын ойнағыларың келе ме?
«жұмбақ ән» ойыны
Балалар мына ән не туралы екен?
Қане тыңдайық
Сыйқырлы сәт:
Балалар көкөністер мен жемістер қайда өседі?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше бау - бақшаға саяхатқа барайық
Балалар осы жемістер мен көкөністер пісіп жетілу үшін кімдердің еңбегі қажет?
Өте дұрыс
Кәне қарап атайықшы
Қандай Жемістер көріп тұрмыз?
Оларды талдан қалай аламыз?
Тіл ұстарту жаттығуы
Үз - үз - үз
күз
Қандай көкөністер бар екен?

Көкөністерді қалай аламыз?
Балалар күн болса суытты, ал жемістер мен көкөністер әлі терілмеген, не істесек екен?
Топқа бөлу.
- Көкөністер
- Жемістер
Бау - бақшадан теру .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!