Төлдер айтысы

 Төлдер айтысы

Оқу іс әрекетінің мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі мазмұнын түсіну, төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: төрт түлік, төл.
Оқу іс - әрекетінің көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдерінің суреттері, аудиожазба.
Оқу іс әрекетінің барысы: Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту сәті
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек
Көңілді боп жүрейік.
Тәрбиеші: - Балалар, ал аналарың сендерді қалай еркелетеді?
(Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.)
- Менің атым Гүлбағым, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді.
- Менің атым Қайрат, мені атам «ботақаным» дейді.
- Менің атым Салтанат, маған анам «құлыншағым» дейді.

Негізгі бөлім:
Дидактикалық ойын: «Төлін тап»
Ойын шарты: Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.
Дәптермен жұмыс: «Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру.
Төлдер айтысы.(ертегі)
Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота «Біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» - деп бір - бірінен сұрастырды.
Сонда лақ тұрып:
Мә - ә, мә - ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады,- деді.
Сонда құлын бір кісінеп алды да:
- Лақ, сен орынсыз мақтанба. Бізден қазы – қарта, шұжық, қымыз алады. Адамның мініс көлігі де біз,- дейді.
Бұзау тұрып:
- Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелек - шелек сүт, қарын – қарын май, ірімшік алады. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ,- десе, қошақан тұрып:
- Сендер босқа мақтанасыңдар, ием мені жақсы көреді. Адам киетін кіим кешекке қажетті маталар, үйдегі төсеніш біздің жүнімізден жасалады, бізден пайдалысы жоқ,- дейді.
Бота тұрып:
- Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы. Оған еш нәрсе жетпейді., - дейді.
Осы кезде адам: - Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер! – деді.

Тәрбиеші:
- Төлдер бір - бірімен не үшін айтысты?
- Лақ не айтты?
- Құлын ше?
- Бұзау не деді?
- Қошақан, бота не деді?
- Адам не деп жауап берді?

Сергіту сәті
Сабау алып қолыма,
Қойдың жүнін сабадым
Уызын ішіп сиырдың,
Уықтарды қададым. (қимылмен жасайды)
Дидактикалық ойын: «Төлдерді даусынан таны»
Ойын шарты: Аудиожазбадан төлдердің даусын естіп, қай малдың дауысы екенін ажыратып айтады.

Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар
Бұл қай жануар? (ешкі)

Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Бұл қай жануар? (қой)

Екі айнасы бар,
Төрт тармағы бар.
Бір шыбыртқысы бар,
Қай жануар? (сиыр)

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,
Бұл не, өзің тауып ал? (түйе)

Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім
- Бұл қандай жануар екен? (жылқы)

Қорытынды
- Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?
- Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата
- Малдарды қалай шақырады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!