Қазақша мақал - мәтел: Шындық » ZHARAR © 2017 | шындык туралы макал мател, шындық туралы мақал мəтелдер, пословицы на казахском о правде, шындык туралы макал мател казакша




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Шындық

Қазақша мақал - мәтел: Шындық казакша Қазақша мақал - мәтел: Шындық на казахском языке

Шындық - сегіз, бақыт - егіз.

Шындық қамал бұзар.
Шындық - бір сөз, өтірік - мың сөз.
Шындық жоқ жерде сұмдық көп.
Шындық бар жерде,
Өтірік байқап жүреді.
Шындық жоқ жерде
Шіреніп, шайқап жүреді.
Шынға жерік - сырға берік.
Шындықтың шырағы сөнбейді.

Шын сөз абақтыдан да шығарады.

Шынымен жыласа,
Соқыр көзден жас шығады.

Шындықтан зор палуан жоқ,
Ол жауды да жығады,
Қамалды да бұзады.
Өтірік ұшы - екеу, шындықтікі - төртеу.
Өтіріктің шиесін шындық шешеді.

Өтірік айтып жылағанша,
Шынықды айтып жалын.

Өтірік пен шындық арасы - екі елі.

Көп қайда болса, шындық сонда.

Ақ пен қараны шындық айырады.

Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.

Сөз шынды табады.

Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді шын табар.

Жылап айтқан шынға нанады,
Күліп айтқан өтірікке нанады.

Таң атпайын десе,
Күн қоймайды,
Өтірікті қуалап, шын қоймайды.

Жақсы өтіріктен жаман шындық артық.

Бал тамған өтіріктен
Қан тамған шындық артық.

Отты үрлеген жағады,
Шындықты іздеген табады.

Аузы құлып сандықты,
Тіс ашпаса, тіл ашар.

Түйін-түйін сырыңды,
Түбінде келіп шын ашар.

Шешендік күші - шындық.

Аңыз түбі - ақиқат.

Дерегі жоқтың керегі жоқ.

Сақалыңа сенбе,
Ар-ожданыңа сен.
Алашағыңа сенбе,
Алғаныңа сен.

Сыр айтқанға сенбе,
Шын айтқанға сен.

Шайтанға сенген бақсыны тыңдағанша,
Шындыққа сенген жақсыны тыңда.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 592
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .