Түйіндемені (резюме) қалай жазу керек? » ZHARAR © 2017 | түйіндеме үлгісі, түйіндеме жазу үлгісі, түйіндеме қалай жазу керек, туйиндеме казакша, образец резюме на казахском и русском языках




  • »

Түйіндемені (резюме) қалай жазу керек?

Түйіндемені (резюме) қалай жазу керек? казакша Түйіндемені (резюме) қалай жазу керек? на казахском языке

Жақсы қызметке орналасу үшін білім мен кәсіби біліктіліктен бөлек алдымен сауатты түрде құрастырылған түйіндеме керек. Дұрыс құрастырылған түйіндеме сізге қалаған қызметке шақырту алуға жол береді. Түйіндеме (резюме) құрастырудың өз талабы, өз құрылымы бар. Сондықтан оған аса мән беріп, үлкен жауаппен қарау керек.

Түйіндемеде (резюме) жалған ақпаратты жазып, өтірік айтудың қажеті жоқ. Өзіңізді асыра мақтап, өтірікті шындай, шындықты мөлшерінен тыс айту дұрыс емес. Жалған ақпарат өз кедергісін болашақта келтіру мүмкін. Сондықтан да түйіндеме тек шындықты көрсету керек.

Егер де сіздің түйіндемеңіз (резюме) арқылы өзіңізді көрсеткіңіз келсе, әуелі өзіңізге баға беріңіз. Артықшылықтарыңызды тізіп шығыңыз. Жөн деп санаған қасиетіңізді түйіндемеге енгізіңіз.

Түйіндемеде артықшылықтар, білім мен кәсіби біліктіліктен басқа қызығушылық, жетістіктер пен қосымша ақпарат бөлігі толтырылу керек. Тек оның өзін толтырғанда мұқият болу керек.

Қызығушылыққа «суретке түсу», «компьютер ойнау», «ғаламторды пайдалану» деп жазу үлкен қателік. Орнына «кітап оқу», «психология», «саяхат» деп жазған абзалырақ.

Қосымша ақпаратқа жоғары оқу орнынан тыс алған біліміңіз, яғни оқыған дәрістеріңіз, тіл білімі көрсетілу керек.

Түйіндемені (резюме) қалай жазу керек?

Жетістіктерде ғылым я қызмет жолында алған марапаттарыңызды көрсетіңіз. «Бесінші сыныпта валеология сабағынан олимпиадаға қатысқанмын», «Үздік шығарма үшін мақтау қағазы берілген» т.с.с. бағытта жазылған жетістіктердің еш қажеті жоқ.

Мақсат пен жоспар бөлігіне өзіңіздің алға қойған мақсаттарыңызды жазғанда өзіңіздің қызмет жолыңыздағы мүдделеріңізді жазыңыз. Жеке бас мәселесіндегі арман-мақсаттарды жазудың қажеті шамалы.

Түйіндеменің рәсімделуіне де аса мән беріңіз. Толтырған кезде оны түрлі-түсті шрифтпен жазуға, гүл, жүрек, аю т.с.с бейнеленген сурет салуға, оны қоршауға ұмтылмаңыз. Түйіндеме толтырған кезде Times New Roman, Helvetica, Arial шрифтерін пайдаланып, бір қалыпты көлемді сақтаңыз.

Кейбір мекемелер түйіндемемен қоса, фотосурет жіберуді талап етеді. Ол кезде 3х4 көлемдегі суретіңізді жіберіңіз. Көпшілікпен, гүл ұстап, майысып тұрған, дәмханада шәй ішіп тұрған кезде түсірілген суреттерді жіберуге болмайды!

Түйіндемені толтырып болғаннан кейін өзіңіз мұқият оқып шығып, сырттай бағалаңыз. Кем-кетіктер болса түзетіңіз. Дұрыс құрастырылған түйіндеме болашаққа жол ашатынын ұмытпаңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ, дереккөзі


Санат: KZ портал | | 11 903
Рейтинг:
(голосов: 9)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .