» » » Мақал - мәтел: Жас, жасөспірім, жаңа буын, жеткіншек

Мақал - мәтел: Жас, жасөспірім, жаңа буын, жеткіншек

Мақал - мәтел: Жас, жасөспірім, жаңа буын, жеткіншек казакша Мақал - мәтел: Жас, жасөспірім, жаңа буын, жеткіншек на казахском языке
Жақсы жастан шығады,
Темір тастан шығады.

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.

Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.

Жасыңда жалықпасаң –
Қартайғанда тарықпайсың.

Жасында байқары жоқтың
Жасы жеткенде айтары жоқ.

Қартайдым деп, қайырма,
Жас бала бар артында,
Жалғызбын деп, қайырма
Жақсылар бар артында.

Ілгері басатын жасты
Кері тартқан кәрі қайтарады.

Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.

Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Қына тастан шығады,
Өнер, білім жастан шығады.

Өмір өтер, жас өсер.

Жас жүрген жер — мереке.
Қарт жүрген жер — береке.

Қартайсаң – жастықпен қоштас.

Ұят келсе, кәріге келеді,
Жастың несі кетеді?

Жас арқалағаннан
Тас арқалаған жеңіл.

Жасында тырысқан – қартайғанда қуанады.

Жасық жас өкініп өседі,
Қайратты қарт тыныш өмір кешеді.

Жас баланың қарны тойса, қатарын іздейді.

Жас та келіп қырықпенен астасар –
Сол уақытта жігіттік те қоштасар.

Жасыңда оқтай түзу болсаң да, қартайғанда жақтай иілесің.

Қартайсаң – жастықпен қоштас.

Автор: Umit | 95 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ғафу Қайырбеков (Баурында бала қойшы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ғафу Қайырбеков (Баурында бала қойшы)
Адамның жасына байланысты атаулар
Пайдалы кеңес жинағы
Адамның жасына байланысты атаулар
Мақал - мәтел: Ұл бала, ер жігіт
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Ұл бала, ер жігіт
Мақал - мәтел: Арман, мақсат, мұрат
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Арман, мақсат, мұрат
Жасы 77-ге келіп отау құрған кейуана қартайғанда тұрмысқа шығуының себебін айтты
Qazaqstan жаңалықтары
Жасы 77-ге келіп отау құрған кейуана қартайғанда тұрмысқа шығуының себебін айтты
Қазақша өлең: Мәделі Жүсіпқожаұлы (Қыз бала)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәделі Жүсіпқожаұлы (Қыз бала)
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәрілік)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәрілік)
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ)
Қазақша ертегі: Зерделі
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Зерделі
Қазақша өлең: Ербол Бейілхан (Кәрі қыз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ербол Бейілхан (Кәрі қыз)
Қазақша мақал - мәтел: Талап
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Талап
Адамның жас кезеңдері
KZ
Адамның жас кезеңдері
Қазақша Мақал - Мәтел: 1 Қазан - Қарттар күні (қарттық)
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша Мақал - Мәтел: 1 Қазан - Қарттар күні (қарттық)
Ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады
Qazaqstan жаңалықтары
Ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады
Мақал - мәтел: Қыз бала, қыздар
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Қыз бала, қыздар
Мақал - мәтел: Ата - Ана, Әке - шеше, Ұл бала мен қыз бала
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Ата - Ана, Әке - шеше, Ұл бала мен қыз бала

KZ / Мақал - мәтелдер жинағы, мақал мәтел Жас туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар Жас туралы мақалдар, мақал мәтелдер жаңа буын туралы макал мателдер, Жас, жасөспірім, жаңа буын, жеткіншек, мақал мәтел Жас туралы макал мател пословицы на казахском языке макалдар Жас туралы мақалдар мақал мәтелдер жаңа буын туралы макал мателдер Жас жасөспірім жаңа буын жеткіншек, Мақал - мәтел: Жас, жасөспірім, жаңа буын, жеткіншек макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы