Тарих | Түркиядағы қазақ диаспорасы

 Тарих | Түркиядағы қазақ диаспорасы

Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................3
Негізгі бөлім:
1. Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейі...............................................................9
2. Қазақтардың Түркияға көшіп бару себептері.............16
3. Түркиядағы қазақтардың қазіргі жағдайы мен орналасуы........................................................................21
4. Түркиядағы қазақ диаспорасының мұқтаждықтары...30
Қорытынды..................................................................................................39
Сілтемелер тізімі................................................................40-42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................43-44
Қосымша кестелер мен суреттер....................................45-50

Кіріспе.
Жұмыстың өзектілігі:
Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Кезінде қазақ жерінен әр түрлі себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» деген атау да берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриант» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының біршама бөлігі өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүріп жатыр.
Жалпы қазіргі кезеңде жаһандану процестері әлеуметтік-этникалық кеңістіктің барлық салаларын қамтуда. Сондықтан қазақ диаспорасы мәселесін зерттеу барысында халықаралық деңгейде маңыздылық танытатын күрделі үрдістерді де ескерту қажеттілігі болды. Ал бұрынғы тұрғыдан алғанда тәуелсіз Қазақстандағы көптеген саяси, мәдени процестер оңды бағытта өрбуде. Осы үрдісті әрі қарай дамыту үшін этносаралық қатынастардың үйлесімді өрби түсуі қажеттілігі бар. Оны қазақ диаспорасын жан-жақты жүйелі зерттеусіз жеткілікті түрде жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар бұл мәселе қазақ халқы тарихында шындықты, әлеуметтік әділеттілікті қоғамда орнатудың бір тетігі болып табылады.
Міне, сондықтан осындай қоғамдық маңызы бар мәселені тарихи- теориялық, методологиялық, социолгиялық, демографиялық тұрғысынан зерттеу өте маңызды нәрсе.
Қазіргі тарихи кезеңде Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттелігін барынша нығайту үстінде. Өтпелі кезеңдегі көптеген қиыншылықтар әрбір қазақстандықтың өмірінде елеулі із қалдырғанмен, болашаққа деген үміт, жақсылыққа деген сенім көп ұлтты мемлекетіміздің рухани негізі бола білді.
Қазақ диаспорасының кешенді мәселелері зерттеу барысында назар аударатын ерекше мәселе алыс және жақын шет елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың өзіндік ұлттық санасының әртүрлі деңгейдегі көріністерін, оның тарихи қалыптасуына, дамуына және болашақ ұрпаққа сабақтастықпен жалғасып отыруына себепкер болатын көптеген факторлар жүйесін қарастыру. «Қазақ диаспорасы» тақырыбы соңғы уақытта қоғамды ғылымдардың зерттеу объектісіне айналуда.
Қазақ халқының үлкен бір бөлігінің басқа этникалық кеңістікте әртүрлі себептермен ауысып кетуі негізінен қазақ диаспорасы мәселесін туындатқаны белгілі.
Алыс және таяу шет елдердегі қазақ диаспорасы өздерінің ұлттық мәдениетін, ұлттық дәстүрін, өмір салтын рухани байлығын, құндылықтарын сақтап қалуға қазіргі кезеңге дейін барынша тырысып келеді. Осындай негізде өмір сүріп жатқан қазақтардың бір шоғыры Түркиядағы қазақ диаспорасы.
Қазіргі күнде саны 30-40 мың аралығында деп көрсетілген Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы тек тарихшыларды ғана емес, көзі ашық көкірегі ояу кез – келген Қазақстан Республикасының азаматын ойландырса керек. Түркияға қазақтар 1952 жылдан бастап қоныс тебе бастады. Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті.
Қазақтардың өзге мемлекетке қоныс аударуына не түрткі болды, қалай қоныс аударды, бүгінгі таңда олардың саяси,әлеуметтік,экономикалық жағдайы қандай деген заңды сұрақтар туындайды. Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеу барысында ғылыми жұмыс тақырыбын «Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы» етіп таңдадым.
«Тар жол, тайғақ кешудің» талайынан теперіш тартқан қандастарымыз бүгінде төрткүл дүниенің төрт бұрышында тарыдай шашылып жатыр. Сол қандастарымыз мына жаһандану дәуірінде өзге елде жұтылып бара жатқан жоқ па, я болмаса оларды елге қайтару процесі қалай жүзеге асырылып жатыр деген сұрақтар ғылыми жұмыстың негізгі актуалды мәселелері болып табылады.
Бұл жұмыста Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейіне жеке сипаттама берілген. Өйткені ғалымдар мен тарихшыларының көптеген еңбектері өте маңызды әрі тың деректерге толы. Тақырыптың негізгі өзектілігі- Түркиядағы қазақ диаспорасының өткені мен бүгіні және болашақ тағдыры.
Қортыта айтқанда, Қазақ халқы Жұбан ақын жырлағандай «мың өліп, мың тірілген» халық. Ендігі жерде қазақ халқының алдында егемендік алған елінде үлкен сын тосып тұр. Қазіргі күнде шетелдегі қазақтардың саны 5 млн. Соның ішінде ең көп диаспора өкілдері Өзбекстан және Қытай мемлекеттерінде. Ал біз қарастырып отырған Түркия республикасында соның 30-40 мыңдайы өмір сүріп жатыр. Түркияда тұратын қазақтар түрiктенiп кетпей ме?
Сырттағы қазақ диаспорасы күштi болу үшiн Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт — қазақ мықты болуы керек. Қазақтың тiлi, дiнi, тұғыры мықты болуы керек. Елiмiзде қазақ тiлiне толыққанды көңiл бөлiнбесе, Қытай мен Ресейдегi, Түркия мен Моңғолиядағы миллиондаған қазақтар да iшкi ассимиляцияның оңай құрбанына айналады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы: «Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отыр». Мемлекетімізде қазіргі кезде 8 миллионға жетер –жетпес қазақ бар десек, жалпы қандастарымыздың 30 пайызына жуығы шетелде екен. Сол ағайындарымыз болашақта өздерінің ұлттық дәстүрі мен ерекшеліктерін сақтап, өсіп-өркендей ала ма, әлде өздері мекендеген елдің халқына мүлдем сіңісіп, жоғалып кете ме? – міне осы сұрақтарға нақты жауап беру, тиісті шаралар қолдану, оны іске асыру бүгінгі таңда бізді қатты ойландыруға тиіс деп есептеймін.
Жұмыстың зерттелу деңгейі:
Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихын көптеген ғалымдар мен тарихшылар зерттеген. Соның ішінде ең алғашқылардың бірі болып, Түркиялық қазақтар арасынан шыққан зерттеушілердің бірі – Халифа Алтай. Ол кісінің 1977 жылы «Қазақ шежіресі», 1980 жылы «Есте-лік¬терім» деген кітаптары түрік тілінде жарыққа шық¬ты. Халифа Алтайдың «Ата¬жұрттан Анадолыға дейін» деген еңбегі алғаш 1981 жылы басылды. Бұл еңбектер Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихын зерттеуде маңызды рөл атқарады. Алғашқы еңбегі «Қазақ шежіресінде » Түркиядағы қазақтардың шежіресі жазылған. /1/ Екінші еңбегі «Естеліктерімде» өзі көш барысында куәгер болған оқиғаларды латын әліппесіне негізделген қазақ тілінде өлең түрінде дастан етіп жырлайды./2/ Бұл Түркияда қазақ тілінде жарық көрген алғашқы еңбек болып табылады. Автордың үшінші және кең тараған еңбегі «Атажұрттан Анадолыға дейін» атты кітабы 1981 жылы Анкарада жарық көрді. Түркия Мәдениет Министрлігінің басылымдары арасында шыққан кітапта қазақтың салт – дәстүрі мен мәдениеті егжей – тегжейлі әңгімеленеді. Бұл кітап ықшамдалып қазақ тіліне аударылып 1995 ж. Алматыда жарық көрді/3/.
Түр¬кия қазақтары туралы зерт¬теуді Түркиялық ғалым, Анкара университетінің ғылыми қызметкері, профессор Сағдат Шағатай жасаған. Сағдат ханым 1952 жылы Түр¬кия¬ға көшіп келген қазақтардың ауыз әде-биетіне көбірек үңіледі. Бұл зерттеу 1961 жылы «Қазақ хрестоматиясы» деген атпен кітап болып жарияланды. Сағдат ханымның қазақтарға көңіл бөлуі тектен тек емес еді. Ол Мұстафа Шоқайдың жақын досы Тахир Шаға-тайдың зайыбы болатын./4/
Одан кейін ағылшын журналисті Лияс Годфрей қазақтардың босқын-дыққа ұшырау тарихын зерделей келе «Қазақ қырғыны» кітабын жазып, ол 1956 жылы Лондонда жарық көрді. Бұл кітап тек 1977 жылы ғана «Көш» деген атпен түрік тіліне аударылып басылды. /5/Осы бағыттағы зерттеулерге Түркия қазақтарының өз ішінен алғаш Хасен Оралтайдың да араласқанын айта кеткен жөн. Ол – «Азаттық жо¬лындағы Шығыс Түркістан қазақтары» (1961), «Қазақ түріктері» (1976) кітап¬тары¬ның авторы./6/ Ал 1977 жылы Хы¬зырбек Ғайретолланың «Алтайдағы қанды күндер» деген кітабы жарық көрді./7/
Түркиядағы қазақтардың тағдыры өзіндік ерекшеліктерге толы.Бұл елге негізінен қазақтар ХХ ғасырдың ортасында Шығыс Түркістанна қоныс аударған. Бұл туралы Еуропа зерттеушілері де бірнеше еңбектер жазып,әлемге бұл тарихты паш етті./8/ Айта кетер болсақ, Швециялық ғалым Ингвар Сванберг –Түр¬кия қазақтарының тарихын зерт¬теп, алғаш докторлық диссертация қорғаған ғалым. Оның еңбегі 1989 жы¬лы «Түркиядағы қазақ босқындары» деген атпен кітап болып жарияланды. Одан кейін неміс ғалымы Марк Кирш¬нер де өз докторлық диссертациясын Түркия қазақтарының әдебиетіне арнады. Оның екі томдық еңбегі 1992 жы-лы «Стамбұлдағы қазақ босқын¬дарынан жазып алынған әңгімелер туралы зерттеулер» деген атпен жарық көрді./10/ Түркия қазақтарына қатысты ең-бек¬тердің соңғысы өткен жылы ба¬сылып шықты. «Бостандық жолы» деп аталатын Гүлчин Чандарлыоғлының осы кітабында Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихының хронологиялық шекарасы толық көрсетілген және де оған Оспан батыр жайында айтқан Нұрғожай батырдың естелік¬тері арқау болады. /11/
Қорыта айтқанда Қазақстанға қатысты жазылған зерттеулер мен еңбектерді мазмұн, маңызына қарай ғылыми зерттеулер, танымдық зерттеулер, жалпы мәлімет беретін дерек көздері және саяси әдебиет деп төртке бөліп қарастыруға болады. Өзге елдермен салыстырғанда, Түркиядағы қазақ диаспорасы тақырыбы толық болмаса да, біршама игерілгені байқалады. Осының бәрі қазақ халқының мәдениетін зерттеп, кешегі тарихын екшеп, бүгінгі беталысын байыптауға септігін тигізе алады. Ал көптеген елдерде ел мәдениетін таныту – сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің сыртқы саясатта осы бағытта жұмыстар жүзеге асырылуда.
Жұмыстың мақсаты:
Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы және олардың қазіргі таңдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайына тарихи тұрғыда талдау жасау.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
-Түркиядағы қазақтардың бүгінгі таңдағы тарихта алатын орнын ашып
көрсету;
- Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейіне
талдау жасау;
-Қазақтардың Түркияға қоныс аудару себептерін анықтау;
-Түркиядағы қазақтардың қазіргі саяси, әлеуметтік, экономикалық
жағдайына баға беру;
-Қазақстан мен Түркия қазақтары арасындағы байланыстардың
маңыздылығын түсіндіру;
-Түркиядағы қазақтармен байланыс жасау мәселелеріне өз ұсыныстарын
жасау;
-Зерттеуші ғалымдар мен тарихшылардың ой-пікірлерін салыстыру.
-Дерек көздері мен құжаттарды талдау;
1.Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейі.
Түркияға барған қазақтар өзге елдерге барған қазақтардан гөрі молырақ зерттеуді қажет етеді. Өйткені, 1991 жылдың аяғына дейін Түркия әлемдегі түркі тектес барлық халықтардың бірден-бір тәуелсіз елі болып келді. Сондықтан да жат жұрттық отаршылдық қанаудан қашқан барлық түркі тектестер өздері барып паналайтын бірден-бір ел ретінде Түркияны қалады./12/
Түркияға қазақтар 1952 жылдан бастап қоныс тебе бастады. Түркияға қазақ көшін Елісхан Тәйжі Әліпұлы, Құсман Тәйжі Зайыпұлы,Сұлтан Шәріп Зұқаұлы, Құсайын Тәйжі Төлеубайұлы,Қалибек Райымбекұлы, Дәлелхан Жанымханұлы Жаналтай қатарлы жетекшілер бастап барды. Міне, сол уақыттан бері қарай өткен жарты ғасырлық мезгілде олар туралы бір сыпыра зерттеулер жасалды. Олардың өз ішінен шыққан қаламгерлер қазақтардың тарихын және салт – дәстүрін таныстырып кітаптар жазды. Осындай еңбектерді 4 кезеңге бөліп қарастыруымызға болады:
1. 1953 – 1960 жж. Түркияға қонстанған қазақтарды шетелдерге таныстыру кезеңі;
2. 1960 – 1980 жж. Түркиядағы қазақтардың өзін түрік жұртшылығына және өзінің жас ұрпағына таныстыру кезеңі;
3. 1980 – 1990 жж. Қазақтардың Түркиядағы өмірін зерттеу кезеңі;
4. 1990 жылдан бері қарай Түркия қазақтарының Атамекен, яғни Қазақстанмен қарым қатынас жасау кезеңі.
Осы жолда көптеген тарихшылардың еңбектері жарияланған. Айта кетер болсақ, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қараның «Түркиядағы қазақтар туралы жасалған зерттеулерінде» қазақтардың Түркияға Пәкістан және Кәшмірден барғандығын жазады. Олардың негізгі атамекені Қытай қол астындағы Шығыс Түркістан болатын.
1930 жылдары Шығыс Түркістанның қытайлық губернаторының езгісіне шыдай алмай Гималай мен Тибет арқылы Үндістан және Пәкістанға ауа көшіп, алды 1940 жылы, арты 1950 жылы келген қазақтардың алғашқы легінің тобы 1952 жылдың қыркүйек айында Түркияға келді/ 13/
1950 жылдары Түркия және Батыс Еуропа елдері жұртшылығы қазақ халқын білмейтін, тіпті оның атынан өзін естімегендері де көп еді.Көбінесе қазақ халқы орыс казактарымен шатастырылатын. Міне, осы кезеңде кей ғалымдар, әсіресе қазақты бұрыннан білетін немесе білетіндердің кеңесі бойынша, «Қазақ» деген халық кім және де ол сонау Азияның кіндгінен қалай келіп отыр деген сұрақтарды қанағаттандырып, қазақтарды әлем жұртшылығына таныстыруға тырысты.
Осы мақсатпен Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихын көптеген ғалымдар мен тарихшылар зерттей бастады. Соның ішінде ең алғашқылардың бірі болып, Түркиялық қазақтар арасынан шыққан зерттеушілердің бірі – Халифа Алтай. Ол кісінің екеуі түрік, біреуі қазақ тілінде жарық көрген үш еңбегі бар. Оның бірінші еңбегі 1977 жылы түрік тілінде жарық көрген «Қазақ шежіресі» деп аталады. Бұл шағын кітапшада Түркиядағы қазақтардың шежіресі жазылған. Екінші еңбегі 1980 жылы «Есте¬лік¬терім» деген атпен Стамбұлда қазақ тілінде жарыққа шық¬ты. Халифа Алтай өзі көш барысында куә болған оқиғаларды өлең түрінде дастан етіп жырлайды. Кітапта автор қазақтардың көші туралы және де ондағы оқиғаларды баяндайды, әсіресе, Үндістан мен Пәкістанда өткізген өмірлеріне қатысты құнды мәліметтер береді. Бұл Түркияда қазақ тілінде жарық көрген алғашқы еңбек болып табылады./14/
Автордың үшінші әрі кең тараған еңбегі «Ата¬жұрттан Анадолыға дейін» деген еңбегі болып табылады. Ол 1981 жылы Түркия мәдениет министрлігінің басылымдары арасында Анкарада түрік тілінде жарыққа шықты. Онда қазақтың салт – дәстүрі мен мәдениеті егжей – тегжейлі әңгімеленеді. Бұл кітап ықшамдалып қазақ тіліне аударылып 1995 жылы Алматы қаласында жарық көрді./15/ Бұл еңбектер Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихын зерттеуде маңызды рөл атқарады.
Түр¬кия қазақтары туралы зерт¬теуді Түркиялық ғалым Сағдат Шағатай жасаған. Ол 1952 жылы қазан айында Кәшмірден бір топ қазақтың Түркияға қоныс аударғанын естіп, 1953 жылы ақпан айында Анкарадан Стамбұлға келеді. Қазақтар жатқан Стамбұл Сиркеджидегі босқын лагеріне барады. Сонда қазақтардың Кәшмірден Түркияға Құсайын Тәйжі жетекшілігінде қоныс аударған тобымен кездеседі. Сағдат Чағатай қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жіті білетіндердің алдыңғы қатарларының бірі еді. Сағдат ханымның қазақтарға көңіл бөлуі тектен тек емес еді. Ол Мұстафа Шоқайдың жақын досы Тахир Шаға¬тайдың зайыбы болатын. Ол 1952 жылы Түр¬кия¬ға көшіп келген қазақтардың ауыз әде-биетіне көбірек үңіледі. Қазақтардан мақал-мәтел, айтыс, беташар, жар-жар, Қожанасыр әңгімелері сияқты ауыз әдебиеті үлгілерін жинады. Бұл зерттеу нәтижесінде 1961 жылы Анкара қаласында «Қазақша мәтіндер» деген кітап жарияланды. Кітаптың кіріспе сөзінде автор, Құсайын Тәйжіден көш туралы алған мәліметтерін келтіреді. Мұның да тарихи деректік маңызы зор. Өйткені, 1964 жылы Стамбұлда қайтыс болған Құсайын Тәйжінің тікелей өзінен алынған мәліметтер қазіргі күнде тапшы болып отыр./16/
Одан кейін ағылшын журналисі Лияс Годфрей қазақтардың босқын-дыққа ұшырау тарихын зерделей келе «Қазақ қырғыны» атты кітап жазады. Ол кітап 1956 жылы Лондон қаласында жарық көрді. Бұл кітапта Годфрей Қалибек Әкім жетекшілігінде Түркияға көшіп барған қазақтар туралы, сонымен қатар Шығыс Түркістан қазақтары туралы және Бөке батыр мен Оспан батырлардың қытайлықтармен болған қарулы көтерілістеріне жан – жақты сипаттама берген. /17/
1960-1980 жылдар аралығында Түркиядағы қазақтар біршама ес жинап, түрік халқымен етене араласа бастайды.Өсіп келе жатқан ұрпақтарға өзінің кім екенін, қайдан келіп шыққандарын ұмыттырмау үшін кітаптар жазу керек еді. Өйткені, уақыт өте келе жастардың қазақ екендіетерін білмей қалулары ғажап емес еді. Сонымен қатар, сол кезеңде НАТО елдерімен Варшава елдері арасындағы «Қырғи-қабақ» соғыс салдарынан, НАТО-ға мүше Түркиядағы қазақтар мен Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстан және Қытай қол астындағы Шығыс Түркістандағы қазақтар арасында ешқандай бір байланыс орнату мүмкін емес еді. Сондықтан келешек ұрпақтардың салт-дәстүр мен тілін ұмытуы, аталарының не себепті, қай жолмен және қандай қиындықтармен Түркияға келіп қоныстанғанын, тіпті өздерінің қазақ деген халықтың перзенттері екенін білмей қалулары әбден мүмкін еді./18/ Мұндай жағдайға ұшарамас үшін, Түркияға жасалған көштің қаһармандары тірі тұрғанда, олардың берген мәліметтері бойынша тарих пен салт дәстүрді қағазға түсіріп, рухани мұра ретінде келешек ұрпаққа қалдыру аса қажет саналды.
Осы орайда Түркия қазақтарының өз ішінен шыққан Хасен Оралтайды айта кеткен жөн. Хасен Оралтайдың «Бостандық жолында Шығыс Түрістан қазақ - түріктері» атты еңбегі 1961 жылы Стамбулда жарық көрді. Ол жалпы қазақ тарихы мен мәдениеті туралы мәлімет беріп, әкесі Қалибектің төңірегенде өткен оқиғаларға кеңінен тоқталады. Сонымен қатар Оспан батырдың қарулы күресі мен уақытша құрылған Шығыс Түркістан үкіметінде Қаржы министрі қызметін атқарған Жанымхан қажы Тілеубайұлының саяси іс - қимылдары жөнінде құнды мәліметтер береді. /19/ Кітап 1976 жылы Стамбұлда екінші рет жарық көреді.
Түркиядағы қазақ жазушыларының бірі Хызырбек Ғайретолланың «Алтайдағы қанды күндер» атты еңбегі 1977 жылы Шығыс Түркістан босқындар қоғамының басылымдары арасында жарық көрген.
1960 жылы Шығыс Түркістандық қазақтар мен ұйғырлар бірлесіп Стамбұлда іргесін қалаған аталмыш ұйым, Түркиядағы қазақтардың тарихы мен мәдениетін зерттеу үшін, 70-ші жылдардың орта шенінде арнайы комитет ұйымдастырады. Бұл комитет қазақтың тарихи оқиғаларының бас-қасында болған ірі тұлғалары және көне көз қарияларымен сұхбаттар өткізді. Сондай-ақ үй-үйді аралап тарихи мәні бар құжаттар мен суреттерді жинады. Жазушы және журналист Хызырбек Ғайретолла жиналған осы материалдардың негізінде аталған еңбекті түрік тілінде баспаға дайындады. Кітапта қазақтардың көш тарихы турасында, оқиғалардың бел ортасында жүрген куәгерлердің мәліметтеріне сүйенген өте құнды деректер баршылық. Кітаптың соңғы беттерінде құнды суретер басылған. /20/
1980-1990 жылдар қазақтардың осы елде тамырын кең жая бастаған, әрі жаңа елдегі әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірін зерттеуге қызыққан кезең болды. Қазақтардың Түркияға қоныстанғанына ширек ғасырдан астам уақыт өтіп, және мұншама уақыттың өтуіне қарамастан олар өздерінің ана тілін, салт-дәстүрін сақтап отырса да, жаңа ортада тіршілік етулеріне байланысты олардың рухани өмірлерінде кейбір өзгерістер де болмай қойған.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі